+2 дауыс
330 көрілді
Кейбір қолданушылар тек есімдері жазулы тұр, басып профилін көрейін десем басылмайды. Сонда олар сайтқа тіркелмеген ба? Тіркелмей ақ сұрақ қойып , жауап беретін мүмкіндік қосқан ба админ?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

https://surak.baribar.kz/572827/   мына сұрақтан табасыз жауап)

СЖ сайтында қызық нәрсе байқадым дейді.  Әдетте мен сұрақ қойғанда , сұрағыма ұқсас яғни алдын қойылған сұрақ шықса , сұрағымды қоймауға тырысамын . Ал мына сұрақтың шықпай қалуы түсінікті нәрсе,  мүлде ұқсастығы жоқ,  тақырыбын айтам.
иә солай екен)
Әркімнің сұрақ қою стилі басқаша))
+3 дауыс
Сұрақ-Жауап сайтында қолданушылар тіркелмей Сұрақ қою, Жауап жазу, пікір қосу мүмкіншілігі қарастырылған. Бірақ сайтты ашқан кезде біз сайтта тіркелмей сұрақ қою, жауап беру, пікір жазу мүмкіншілігін шектеп, тіркелуді міндеттейтін едік. Бірақ осыдан бірнеше уақыт бұрын сайтта тіркелмей-ақ жауап жазуға болатын етіп қойған болатынбыз. Тіркелусіз жауап беру арқасында сайтта жауаптардың саны арта бастады. Эксперименталды түрде қосылғанымен өте жақсы көрсеткіштерді көрсете бастады.

Соны ескере отырып сайтта сұрақтарды да тіркелусіз қою мүмкіншілігін қосуды жөн көріп отырмын. Алдағы уақытта форматы біраз өзгеруі мүмкін, бірақ негізгі мүмкіншілік ретінде тіркеліп сұрақ қою мене жауап беру болып саналады. Себебі тіркелу арқылы сіздер көп мүмкіншілікке ие боласыздар. Ол балл жинау, модератор рекдактор болу секілді т.б. көптеген мүмкіншіліктер.

Болашақта Сұрақ-Жауап сайты Википедия форматына ауысып кетуі де ғажап емес. Яғни тіркелген қолданушының артықшылығы қалаған сұрақтар мен жауаптарды толықтырып, өзгертіп, өңдей алуында. Мұндай мүмкіншілік Quora, Stackoverflow, Wikipedia жобаларында қарастырылған. Сайтта тіркелген соң сіздің алдыңызда сайтта жарияланған барлық сұрақтар мен жауаптарды өңдей алу мүмкіншілігі шығады. Мысалы менің осы жауабымды, сіз толық өңдеп, қатесі болса түзетіп, жаңа ақпараттар бар болса сала отырып, жауапты толықтырсаңыз болады. Сұрақ-Жауап сайтында да ондай мүмкіншілік қарастырылған, бірақ біз әзірге ондай мүмкіншілікті қосқан жоқпыз. Болашақта қосып қалуымыз ғажап емес.

Әзірге қазіргі кезде менің басты ойым ол Сұрақ-Жауап сайтының қосымшасын іске қосу және де ол ойымның 98 пайызы дайын болып қалды. Бүгін не ертең Сұрақ-Жауап сайтының қосымшалары жүктеуге жіберілді. PlayMarket-ке 4-5 күннен кейін шығып қалуы керек. Ал AppStore-ге жариялануы үшін жіберген соң 2 апта күтуге тура келді. Бас аяғы осы айдың соңы немесе келесі айдың 5-10-дарына дейін Сұрақ-Жауап сайтының қосымшасын жүктеп алып қолдануға болады.

Қосымша әзірге негізгі функцияларды атқарады, бірақ біз онымен тоқтап қалмай алдағы уақытта жаңартып, Сұрақ-Жауап сайтында қандай мүмкіншілік бар болса, барлық функциялары қосымшаларда да жұмыс істейтіндей қыламыз.

Әзірге сайтта орын алатын жағымды жаңалықтарды күте отырыңыздар. Рахмет! :)
Сізге рахмет.  Жақсы жаңалық болды, 5- 10-ы да алыс емес.
негізінде жақсы болды,а то осы сайтқа тіркелу үшін үш күн қиналғанмын,тіркелгенде талаптары көп екен.Тек емайл мен пароль сұраса жақсы болатн еді
+4 дауыс
Негiзi жақсы iс берiп жатыр бұл енгiзiлiс. Тiркелмегендердiң жауаптары әжептеуiр.
...