Банктен несие алыңыз, жақын адамдарыңыздан қарыз сұрай тұрыңыз немесе алтын бұйымдарыңыз болса ломбардқа өткізе тұрсаңыз болады. Айлықтан айлыққа дейін 100мың көлеміндегі жедел несие беретін мекемелер бар ғой. Жалпы бұлар қиындықтан шығудың жолдары сияқты көрінгенмен, артынан мәселе тудыруы мүмкін болатын қадамдар. Сондықтан әбден ойланғаныңыз дұрыс. Мұсылман қорғаны деген кішкене кітапшамда Алладан қарызын өтеуге көмектесуін сұрап оқитын дұға бар екен. Сізге жазып берейінші . "Аллаһумәк фини бихаләликә ъан хәрамика уә әғнини би фидликә ъамман сиуәк" және ісі қиындап кеткен кісінің оқитын дұғасы , Аллаһумә лә сәһлә иллә мә жаъалтаһу сәһлән әу антә тажьалул хазнә изә шитә сәһлә" . Оқып жүріңіз . Алланың жеңілдеткен ісінен жеңіл ешнәрсе жоқ.