+5 дауыс
1.2k көрілді

"Ертеде әлемдегі барлық адам Шындық деп аталатын асқан сұлу бойжеткен бар деп естіп, оның мінсіз жүзін бір көруге құмар болыпты. Онымен бетпе-бет кездескен ешкім болмаса да, бәрі оның сұлулығын әсірелеп әңгіме етіпті. Олардың қиялындағы Шындықтың бейнесі осылайша көркем перизатқа айналыпты. Ақыры бір тілші жігіт ұзақ іздеп, Шындық тұратын ауылды тауыпты. Бірақ Шындықтың бейнесін көргенде өз-көзіне өзі сенбепті. Ол әдемі ару емес, түрінен адам шошырлық кемпір екен. Тілші жігітті жолға шығарып салып Шындық былай депті:"Басқалар мені қандай екен деп сұраса, Ай десе аузы бар, Күн десе көзі бар  бойжеткен екен деп жауап бер!" 

Осы әңгімеде айтылғандай, бәріміз әрдайым шындықты білуге асықпыз. Бірақ шындықты білу бізге әрдайым бақыт әкеле бермейді ғой. Ол біз ойлағаннан қорқынышты болуы да мүмкін.  "Осы шындықты білмей-ақ қойсам жақсы еді!"-деп өкінгендер де болған шығар. Егер адам тәтті өтірікпен бақытты өмір сүре алатын болса да, ащы шындық жанын жаралап, қайғы әкелетін болса да, міндетті түрде шындықты білуіміз керек пе? Сіз  ащы шындық пен тәтті өтіріктің қайсысын таңдар едіңіз? Әлде алданып бақытты өмір сүргенше, не болса да шындыққа көз жеткізген дұрыс па? 

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Кейбiр шындықтар адамға өте ауыр тиедi, ол адамның өмiрiн басқа арнаға бұрып жiберуiде мүмкiн, жақсы арна болса игi. Мысалға сүйетiн адамы, одан алдын басқамен көңiлдес болса, алдынғы ғашығы қоймастан қайта-қайта мазалаумен, өткен өмiрдегi өкiнiштi жағдайларды ұмытып, жаңа өмiр бастамақ ниетпен оған алдыңғы өмiрi жәйлi айтпаған тұғын. Ал ол оны перiштедей көрiп, Құдайдай сенiп жүрдi. Уақыты келiп шындықты бiлдi көзi ашылды,(қалай бiлгенi маңызды емес)оның сөздерiн естiгiсi де келмедi, iшi оттай күйiп iшкiлiктен әлемiн алды, темекi шектi, iшi күйгеннен басқамен жүрдi, сүймегенмен жүрiп кiнәсiз қыздың өмiрiн ойран еттi. Қыз бала болса өз өмiрiн. Егер шындық болмағанда, бұл жағдайлар болмас едi. Көптi бiлсең тез қартаясың деген осы. Кейбiр қазандар жабулы күйiнде қалғаны дұрыс.
+2 дауыс
Тəтті өтірікке алданып өмір сүргенше, ащы болсада шындықты білгенім абзал.
–2 дауыс
осындай сұрақ мені де толқытып барады
+1 дауыс
Бұл сұраққа жауап беру үшін ең бірінші "Шындық" ұғымына тоқталайық, шындық - субьективті, әркімнің өз жеке дара өз сенімі, сенім мен шындық ұштасып жатады, (мысалы біреу құдай бар екеніне сенсе, ол адам үшін құдай бар екені шындық, мен жер бетінде единорогтар бар екендігіне сенсем (немесе русалкалар) ол мен үшін шындық). Қысқасы адам неге сенсе  ол сол адам үшін шындық болып табылады.
Дұрыс айтасыз,кім неге сенеді,соған шындық болып көрінуі мүмкін,бірақ кім сенбейді,ол өтірік деген сөз емес.
Мен русалкаға сенбеймін,бірақ олар бар болуы мүмкін.Мен құдайға сенемін,бірақ ол жоқ болуы мүмкін емес……
Құдай бар болуы сен үшін шындық болса, мен үшін бар болуы, яғни шындық болуы мүмкін емес (басқа адамдардың да сенімін сыйлаңыз... мен сіздің сеніміңізге қарсы ештеңе айтқаным жоқ)
Мен сіздің сеніміңізге ештеңе демедім,сіздің(өтірік)сеніміңізге де тіл тигізіп тұрғаным жоқ.Сіздің шындығыңыз мен үшін өтірік екенін айтып тұрмы))(бірдеңе деп қойсам кешірерсіз)
Яғни, менің пікіріммен келістіңіз ғой)))... әркімнің өз шындығы болатынына)))
Мүмкін әркімнің өз шындығы болатын шығар)))
Бірақ,мен келіскен жоқпын!!!
0 дауыс
Әрине,бақыт әкелмейтін шындықты білген дұрыс.Шындық-бұл қандай болса да білу керек нәрсе.
Егер сен сеніп,жан құрбым деп сеніп жүрген құрбың көз алдау болып жүріп сені сатып кетсе,мұны білмей ары қарай жүре берген жақсы ма,әлде шындықты ертерек біліп,мұны тоқтату керек пе?!Ерте ме,кеш пе шындық көзге көрінеді.Шындықты білу керек,ертеден кеш жақсы.Тіпті өзіңіз айтып отырған оқиғада да шындық ашылды.Өтірік өрге баспайды.
Шыншыл болу-ислам дінінің қағидаларының бірі.Өтірік ол шайтанның сөзі,тәтті сөзі.Ал шындық қандай болса да,ол жақсы
0 дауыс
Ең күшті шындық ол барi адам бiлетiн басына келетін өлім шындығы, Бұл шындық алдында басқа шындықтар не бопты,  бүкіл адамзат біледі, бірақ бәрі бақытқа ұмтылады.
Құдай адамды өзіне уксатып жарткан дейді, сол үшін да әр бір адам шындық жаратқсы келеді, бақыт шындығында адамның өзі жаратады!!!
0 дауыс

Бақыт әкелмейтін шындықты білген дұрыс па?

        - Жоқ.

+1 дауыс
Олай шындықтан алыстап адам бақытты болады деп ойламаймын. Шындықты білмегеннен бәрі түзеліп кетеді дегенге де келіспеймін. Діннің өзі адамды шындыққа шақырады, яғни құдай адамдарды ақиқатқа шақырады. Адамның өзі де шындықты іздейді. Кейбір адамдар қызылды-жасылды дүние оны қызықтырып шақырып тұрғанына қарамастан діннен айырылмауға тырысады. Өйткені ақиқатты тек діннен ғана көрген. Сол сияқты мен де ойлаймын шындық тек дінде деп. Олай демейін десең діннен басқаның бәрі қателесуде. Философтардың сөзімен өмір сүрейін десең, олардың айтқандары бүгін дұрыс болғанмен, ертең бәрі басқаша болып шыға келуі мүмкін. Олар айтса тек жорамал ғана айтады. Бұл ақиқаттан әлдеқайда алыс. Ал Алла тағала бізге ешбір жалғандығы жоқ ақпарат берді. Философия теорияға, ал  иман ақиқатқа жетелейді. Теорияның шыңына жеткендер ақырында Алланың бар екенін, оның жалғыз екенін мойындайды да, тоқтайды. Айтайын дегенім шындықты білгеннен кейінгі және білмеген кездегі айырмашылық.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 9.11.2014 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
...