+1 дауыс
275 көрілді
Челси оиыншысы Еден Азар омiрi туралы каидан малiмет алсам болад фотолары да болу керек.
Интернетті ашсаң Азардың суреттері толып тұрғой.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Толық аты Эден Азар
Лақап аты Эдди
Туған күні 7 қаңтар 1991(24 жас)
Ла-Лувьер, Бельгия
Азаматтығы Бельгия
Бойы 170 см
Салмағы 56 кг
Клуб жайлы ақпарат
Клуб Челси
Номері 17

Эден 1991-ші жылы Ла-Лувьер қаласында туды, бірақ Брен-ле-Контеде, Валлония шағын қаласында өсті. Оның отбасында барлығы футболмен тоқулы. Оның анасы Катрин, және әкесі Тьерри де футболмен шұғылданған. Оның әкесі өзінің мансабының үлкен бөлігін жартылай профессиональды "Лувьерос" деген командада Бельгияның екінші дивизионында ойнады, артқы жартылай қорғаушының позициясында. Оның анасы Бельгия бірінші дивизионында шабуылшының позициясында ойнады, бірақ карьерасын Эденнің үш айлығында тоқтатты. Кейін ойыншының мансабынан кейін, оның әке-шешелері спорт профессорлары болды. Тьерри 2009 жылы балаларына көп уақыт бөлу үшін жұмысынан кетті.
Эденнің үш інісі бар. Оның бірінші інісі Торган Лилльдің ең басты қарсыластарының бірі Ланс футбол клубында ойнады, ал қазіргі уақытта ол оның клубтасы, Челсиде ойнайды. Оның келесі екі інісі Килиан мен Итан. 2011-ші жылдың тамызында Килиан Лилльдің жастар академиясына қосылды, келісім шартқа сүйенсек ол 16-ға келген кезде командаға қосылуы қажет. Итан Бельгияда қалып, Эденнің бұрынғы клубы Тюбиздің жастар құрамасында ойнап жүр.

Толығырақ википедияда http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%B4%D0%B5%D0%BD_%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%80
Фотолары мына топта бар: http://vk.com/eden.hazard.fans
+1 дауыс
Қазақстан құрамасына гол соққан) Қысқа да болса мәлімет .
...