Мектеп | 99.1k қаралды
99.1k қаралды

Ежелгі дәуір әдебиетіне жоспар мен шығарма керек.

6 жауап

Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасырды және Х – ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Зерттеуші ғалымдар: Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, т.б. ежелгі дәуір әдебиетін төмендегідей дәуірге бөлген.

  1. «Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасыр мұралары.

  2. Орта түркі дәуірі – Х – ХІІ ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен  тұрады:

  3. 1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.

Ислам дәуіріндегі әдебиет.

«Алып ер Тұңға» дастаны – б.з.д. VІІ ғасыр мұрасы. Алып ер Тұңға – өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі. Алып ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Жоқтауда опасыз дүниенің Алып ер Тұңғаны да аямағанын, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны жырда:

Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер, –

деген жолдармен берілген.

Алып ер Тұңға ХІ ғасырда Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шахнама» кітабында Тұранның патшасы Афрасияп болып суреттелген.

Орхон ескерткіштері – Түркі қағанатының тәуелсіздігі, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу негізінде туған. Олар: Түркі қағанатының негізін құраған Бұмын қаған, Елтеріс қаған, Елтерістің ақылшы, кеңесшісі Тонұқұқ жырау, әкесі Елтеріс өлгеннен соң жиырма төрт жылдан кейін таққа отырған Білге қаған, әскербасы Күлтегін. Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап тасқа қашалып жазылған әдеби мұралар. Жырда түркі халқының тауғаштарға – қытайға қараған түркі тайпаларына – тәуелді болу себебі ел ішінде береке-бірліктің болмауынан екені баса айтылған. Елге тәуелсіздік әперу үшін бел шешпей күрескен Білге қағанның ерлігі жырда:

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым, –

деген жыр жолдарымен берілген.

Жырда әскербасы болған Күлтегін тұлғасы да ерекше жырланған. Күлтегін 47 жаста қайтыс болғанда, оның қазасына халықтың қайғыруы да барынша нанымды берілген.

«Оғызнама» дастаны – ІХ ғасырда Жетісу, Сыр өңіріне кеңінен тараған, қырықтан астам хикаядан тұратын түркі халықтарына ортақ туынды. Дастанның негізгі кейіпкері – Оғыз, оның анасы – Айқаған, Оғыздың ақылшысы – Ұлық Түрік, Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақтаулы. «Оғызнама» дастанының негізгі идеясы – түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. «Оғызнама» дастанының өзіндік ерекшелігі – мифологиялық суреттердің мол кездесуі.

Қорқыт – ҮІІІ ғасырда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. «Қорқыт ата» кітабында он екі жыр бар. Олар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз биді өлтірген Бисат батыр», «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр», т.б. «Қорқыт ата» кітабының екі нұсқасы сақталған: 1) он екі жырдан тұратын Дрезден нұсқасы; 2) алты жырдан тұратын Ватикан нұсқасы. Қорқыттың артына қалдырған көптеген нақыл сөздері бар. Олардың көбі қазақ халқының мақал-мәтелдерімен ұқсас болып келеді.

Қорқыттың нақыл сөздері

Қазақ халқының мақал-мәтелдері

Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас.

Ежелгі дұшпан дос болмас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

Өзіңнен тумай ұл болмас.

Ежелгі дұшпан ел болмас.

Ана көрген тон пішер,

Әке көрген оқ жонар.

Қорқыт бабадан қалған «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. күйлер де бар.

Ахмет Йасауи ХІ – ХІІ ғасырда өмір сүрген, ислам дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. «Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлем» – деп өзі жырлағандай, Арыстан бабтың жолын жалғастырушы. Арыстан бабтың орнын басуға білімінің жеткіліксіз екенін білген Ахмет Йасауи 1110 жылы жиырма жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар қаласына барып, атақты ғұлама Хамаданиден мұсылман ілімі сатыларын меңгереді. Ахмет Йасауи отыз алты жасында Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық аяқтайды. Ахмет Йасауи өзінің сопылық-философиялық дүниетанымын «Диуани хикмет» – «Даналық кітабы» еңбегінде жан-жақты баян етеді. «Диуан» – жинақ, «хикмет» – Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді.

Ахмет Йасауидің 149 хикмет-жырдан тұратын «Диуани хикмет» өлеңдер жинағы ХІІ ғасырда дүниеге келген түркі тілді халықтардың әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Кітап тақырыбы жағынан екі топқа жіктеледі: 1) үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы; 2) ақынның өзі өмір сүрген кезеңдегі дәуір, қоғам туралы лирикалық шығармалары. Ахмет Йасауидің түркі тілінде жазған «Диуани хикметі» ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларға арнаған өсиет сөзі іспетті.

Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті ұстазының сопылық ілімін Орта Азияға, Түркияға таратқан.

Әбунасыр әл-Фараби – 870-950 жылдары өмір сүрген, музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, Шығыстың «Екінші ұстазы» атанған ұлы ғұлама. Әбунасыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Өлең өнерінің қағидалары», т.б. трактаттары мен еңбектері бар.

Әбунасыр әл-Фараби Отырар қаласында туып, оқу іздеп Бағдатқа барған. Ол 150-ге тарта ғылыми еңбек жазып қалдырған. Әбунасыр әл-Фараби мұрасы Орта түркі дәуірінің Сыр бойы әдебиетіне жатады. Әбунасыр әл-Фараби туған жер, өмірдің өтпелі екендігі, адамның ішкі сезімі туралы лирикалық өлеңдер жазған.

Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұни 85 тараудан тұратын «Құтадғу біліг» дастанын 54 жасында 18 айда жазып бітіріп, Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту еткен. Осы кітабы үшін ханнан «Хас Хажиб» – «сарай министрі» деген атақ алған. «Хас Хажиб» – араб сөзі, ханның ең сенімді кеңесшісі деген мағына береді. Кітапта төрт кейіпкер бар: 1) Күнтуды бек; 2) Айтолды уәзір; 3) Өгдүлміш – уәзірдің баласы; 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры. Аталмыш кейіпкерлер Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат бейнесінде алынған. Күнтуды бек – Әділет бейнесі, Айтолды уәзір – Бақыт бейнесі, Өгдүлміш – Ақыл-сана бейнесі, Одғұрмыш – Қанағат бейнесі. Кітаптағы әңгіме желісі осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауабы арқылы дамиды.

«Құтадғу біліг» түркі тілінен аударғанда «Құт әкелетін білім» деген мағынаны білдіреді.

Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілі, білімпаз тілші-ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы Махмұт Қашқари ХІ ғасырда өмір сүрген. Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Махмұт Қашқари 1070 жылы «Диуани лұғати-т-түрк» атты үш кітаптан тұратын еңбегін жазған. «Диуани лұғати-т-түрк» араб тілінен аударғанда «Түркі сөздерінің жинағы» деген мағынаны білдіреді. Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталып, алты жарым мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. Кітапта әдебиетке, түркі тіліне, тарихына, географиясына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көптеген мәліметтер келтірілген. Махмұт Қашқари қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Махмұт Қашқари түркі қалалары мен даласын аралап жинаған 260-тан астам мақалдың алпыстан астамы қазіргі күнде тілімізде өзгеріссіз қолданылып жүр.

Махмұт Қашқари жинаған

мақал-мәтелдер

Қазіргі қолданыстағы

мақал-мәтелдер

Екі қошқардың басы бір қазанда піспес.

Күндестің күліне дейін дұшпан

Жалғыз қаздың үні шықпас.

Тау-таумен қауышпас, кісі-кісімен қауышар.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.

Күндестің күліне дейін күндес.

Жалғыздың үні шықпас.

Тау мен тау қосылмайды, адам мен адам қосылады.

Махмұт Қашқари өлеңдерінде ақыл-білім жинау, өмірдің мәнін түсіну, өткінші өмірді өз дәрежесінде өткізу туралы айтқан. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрік» еңбегі қазір Стамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.

ХІV ғасырда өмір сүрген Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабы 1370 жылы түркі тілінде жазылған. Әулие-әнбиелер туралы қиссалар деген мағынаны білдіретін «Қиссасул-әнбия» кітабы – ежелгі шығыс мифтері мен аңыздарының, өлең-әңгімелердің жинағы. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, діни қайраткерлер жайлы баяндалған. Кітапта Рабғузидің өз туындылары – өлеңдері де бар. Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабын қазақ тіліне әдебиеттанушы ғалым Алма Қыраубаева аударған.

Сәйф Сараи – 1320-1396 жылдары өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің көрнекті ақыны. Оның «Гүлстан би-т-түрки» кітабы парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Кітап сегіз тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Кітаптың бастапқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден, сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерден құралған. Кітапта қара сөз бен өлең аралас жазылған. «Гүлстан би-т-түрки» атауының мағынасы – «Түркіше Гүлстан». Кітаптың қолжазбасы қазір Голландиядағы Лейден университетінде сақтаулы. Фотокөшірмесі 1954 жылы Түркияда басылып шықты.

Сәйф Сараидің «Суһаил мен Күлдірсін» деген төл туындысында Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасы баяндалған. Дастан – адамгершілікке, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.

Аталмыш еңбектерден басқа ежелгі дәуір әдебиетіне Хорезмидің 473 бәйіттен тұратын «Махаббатнамасы», Құтып ақынның «Хұсрау-Шырын» аудармасы, «Кодекс куманикус» сөздігі, Ахмет Йүгнекидің 14 тарау, 235 өлеңнен тұратын «Ақиқат сыйы» дастаны жатады. 

Ежелгі   дәуір   әдебиеті

        Күлтегін жырлары

Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.

Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын  мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.

Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, "қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал", – деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз.

"Ежелгі әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз.

Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.

Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.

Міне, ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі мұралары, үлгілері осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына, шыңдалуына негіз, түп төркін болған.

Күлтегін жырлары. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ.

Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің (Сібірдегі) бойынан (мұндай жазбалар Қазақстан жерінен де көптеп табылған, солардың ең көлемдісі Талас ескерткіші) табылған. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері – хандар, бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің авторлары сол жазуларда есімдері аталатын Йоллығ-тегін мен Тоныкөк деген болжам бар. Оларды елдің тарихын, тағдырын толғап айтушы ежелгі ақын-жыраулар өкілдері деуге болады.

Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан-бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында қара сөздер де араласып отырады. Сондықтан, оны эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері, ел басқаруы баяндалады.

Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді,

Бек ұлдары құл болды,                      

Пәк қыздары күң болды, –

деп суреттеледі Күлтегін ерлігі. Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес.

Бұдан шығатын қорытынды – қазақ халқындағы бай жыр дәстүрінің негізі сол Орхон ескерткіштерінде қаланған. Орхон ескерткіштері – алғашқы ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан-жақты суреттелген. Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі, ол халықты жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып-жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады.

Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде болады. Күлтегін – түркі халқының ерлік сипаттарын бойына дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі.

Жырдағы Тоныкөк көптеген қағандарға кемеңгер ақылгөй болумен бірге небір жорықтардың куәгері, ізінше сол жорықтар жайында жырлар тудырып, тасқа қашатып жазғызған автор екені де байқалады. Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады.

Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

Ежелгі Қазақстан тарихы туралы шыгарма керек еді
Жоспар: I.Ежелгі дəуір əдебиетінің ерекшеліктері ІІ.Ежелгі дəуір əдебиеті-ортақ мұра 1.Ахмет Иасауидің хикметтері III.Ежелгі дəуір əдебиеті түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ

118,383 сұрақ
305,282 жауап
153,296 пікір
67,643 қолданушы