+3 дауыс
7.2k көрілді

Жігіттердің ойларын білгім келеді

  • Жігіттердің көбі қандай типті қыздардан қашады?
  • Жігіттерді қандай қыздар мезі етеді?(жалықтырады)
Сілтемесін жіберші
Азазаза,көзіңді аңығырақ ашып алшы алдымен,ол жерде қыздарды қандай жігіттер мезі етеді деп тұр!
Және де бұл сұрақты мен бірінші қойғанмын,ол қолданушыдан бұрын!

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мынаны Вконтакте желісінен оқып қалдым, толық келісемін:

Бүгін жігіттер туралы аздап сыр шертсек:
Әрине, талғамға талас жоқ! Біреуге ұнағаны біреуге ұнамайды, біреудің жек көргенін біреу ұнатады. Жалпы алып қарағанда жігіттерден көбі қандай типті қыздардан қашатыны жайлы сыр ақтарып көрелікші.
Құрбыларына құпиясының құлпын ашып қоятын қыздар. Жігіттер сенім айтқан сыры мен құпиясын қызының құрбылары да білетінінен хабардар болса ашуы келеді. Өйткені жеке қарым-қатынастағы жайттардың жария болғанын қаламайды. Екеуара әңгімелерді кездесуден соң өз құрбыларына жеткізіп, тіпті асыра айтатын қыздардан жігіттер қауыма басын аулақ салады.
Себепсіз көз жасын көлдетіп, аяныш туғызғысы келетін қыздар. Жігіттер қауымына нәзік жандылардың көз жасын көлдетуі қатты батады. Жігіттердің аяныш сезімін көз жаспен оятуға болады деп ойлайтын қыздар осы турасында қатты қателеседі. Олар қашан көрсең жанарынан жас арылмай жылай беретін «жүрегі жұмсақ» қыздардан гөрі өзіне де, өзгеге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ашық-жарқын жүретін қыздарды таңдайды.
Өз бойын күте алмайтын қыздар. Табиғаттың сыйлаған тәні мен жанын таза күте алмайтын, үстінен жағымсыз иіс шығып, күтімсіз кір киіммен жүретін тазалыққа жаны қас қыздардан жігіттер ат-тонын ала қашады. Лас адам ешкімге ұнамайды. Әсіресе, әйелдер қауымының өзіне-өзі қарамай, қалай болса солай жүруін «Табиғилығын сақтағаны» деп айтуға ауыз бармайды.
Боқауызға шебер қыздар. Қыз баласының шиедей еріндерінен анайы сөздердің шығуын жұпар иісті гүлдердің күлтелерін құрт-құмырсқа басып кетуімен салыстыруға болады. Иә, ондай гүлдер көрген көзге – әдемі-ақ... Бірақ оларды қолыңа ұстай да, иіскей де алмайсың.
Арын саудалайтын қыздар. Әйел адамның ары – оның айнасы, оның абыройы мен өмірі. Оны сақтай алмай, ары мен қоса жаны мен тәнін ластаған бойжеткендерден дені дұрыс жігіт қашатыны анық. Мұндай қыздарға жігіттердің көзқарасы мүлде бөлек. Көлденең көздінің бәріне көзін қысып, қасынан өткеннің бәріне қылымситын қыздан қандай дені дұрыс келіншек, қандай жөні түзу ана шығады екен?...
Жігітін өкшесіне байлап алғысы келетін қыздар. Ер адам қашан да еркіндікке құмар. Оларды әйел емес, тек санасы мен сабыры ғана басқара алады. Әйелдің өкшесіне тұсауланып өмір сүруді көп жігіт қалай бермейді. Еркекке салынған тұсау оның еркіндігі мен намысына, абыройы мен өміріне салынған тұсау болып саналады. Сондықтан жігіттер қауымы өзін билеп алғысы келетін қыздардан мейлінше қашуға тырысады.
Өтірікке әуес қыздар. Он әңгімесінің тоғызын өтірікпен өретін қыздар да жігіттерге жақпайтыны белгілі. Жігіттер мұндай қыздарға сенуге қорқады. Сондықтан ондайлардан қашып құтылғысы келеді.
Бұны сен массагеттен алған боларсың?
Жоқ ВКдан алдым.
Негізі бір мәлімет бір-ақ сайтта болмайды.Біреуі массагеттен алып вк ға салуы мүмкін,немесе массагетке басқа сайттан алып салуы мүмкін………
+2 дауыс
Мысалға маған көп сөйлейтін қыздар ұнамайды.
+2 дауыс
Жігіттерге сұрақ көп қоятын қыздар ұнамайды. Сотка анау-мынау тексеріп қалған қызда ұнамайды. Ия бірақ жігітін қызғану жігіттерге де ұнайды.

Орташа әлпіш, қырсық, ұялшақ, мейірімді, әдемі қыздар көп ұнайды.

Жеңілтек қыз болса оған жігіттер көп келеді. Бірақ оларға келген жігіттер оны алмайды да.
Орташа әлпіш деген сөздің мағынасын ашып жіберсеңіз,мен түсінбей отырмын)
Тәлпіш қой. Қатты тәлпіш ұнамайды. Мүлдем тәлпіш емес андай қыздар боладығо ынжық ондайда ұнамайды.
Тәлпіш деген сонда мақтаншақ қыздар ма?Шіреніп қалған,мұрының шүйіріп қарайтын қыздар ма?
Ия......
Сонда орташа мақтаншақ орташа мұрнын шүйретін ұнайд дисіңба, түсініксізғой
+2 дауыс
Орынсыз сөйлейтін және Өзінің үстінде көп iзденбейтiн қыздардан қашқан дұрыс деп ойлаймын !!!
+3 дауыс
Түрін бұзып алып, ұрыса беретін, сосын қайта-қайта жаныңа отырып қылмыңдай беретін қыздар ұнамайды.
+4 дауыс
Маған барлық қыздар ұнайды, маған ниеті түзу болса болды.
уу не деген керемет жауап
Белгісіз
Рахмет)))
0 дауыс
Ақымақ,сауатсыз.
0 дауыс
Жоқ ,неге осы 21 ғасырда қыздар өмірлеріне мынадай мақсат қоюуы керек?Жоқ түсіндіріңдерші неге әйел адам өмір бойы мен арықтауым керек,мен өзіме қарауым керек,мен спортпен айналысуым керек деп өмірінің барлық қызықты сәттерін өткізеді .Бұл дұрыс емес!Біздің бір қысқа өмірімізде неге біз біреудің идеалы болуымыз керек ?Мен осыны түсінбеймін неге?Әрине ,әр адамның өзінің вкусы бар,бірақ олай қыздарды бөлмесеңдерші.Ол Алланың берген келбеті,өсіп келе жатқан организм .Тамақ жиді,өседі ,өнеді.Біздің елде тура солай болуы керек қой.Кішкентай жастан жігіт таппай.Жігіті табудан жарыс болып атырма қыздарда?Біз сол 15-16 жасқа дейін өсіп ,өніп сол үшін өзімізге жан бар іздеуіміз керек.
...