0 дауыс
1.0k көрілді
Маған кеңес беріңіздерші. Мен не істеуім керек? мен ол күдіктенетін қылық жасағам жоқ  бірақ қоршаған ортада маған көп көңіл бөлінеді өзім байқаймын. Мен күйеумнен көп жылу көрмеймін. Мойындаймын егер мені жақсы көретін адам  табылса  жоқ демейтініме көзім жетеді. бірақ,ол маған  жылы сөз де айта алмайды.

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
*Сіз сонда ойнап жүрсіз ба? Сізді жақсы көретін адам табылса жоқ демейтініңізге көзі жетеді, бұл қай қылығыңыз? Онда неге оған тұрмысқа шықтыңыз? Бәлкім сізден бұрын оны жақсы көретін адам табылып қалып, ол сізден кетіп қалар? Сонда сізге оңай тиеді ме? Бір сәтке оның орнына тұрып көрдіңіз бе? Тіпті түсінбеймін, сіз оған тұрмысқа шықтыңыз, ендеше оның бар болмысын қабылдауыңыз керек еді ғой. Мүмкін сіз жылы сөз айтуға лайық емес шығарсыз әлде оның ата-анасы мен бауырларын сыйламайтын шығарсыз.
Жалпы, Алланың сіздің пешенеңізге жазғанына қалай қарсы шығып жүрсіз, адамда сабыр деген болмаушы ма еді? Өмір сіз ойлағандай оп-оңай-ақ емес, бір сәт ойласаңызшы, бала емессіз, шаға емессіз, тым болмаса ата-анаңыздың абыройын ойламадыңыз ба? Байқаңыз, бағыңызды бағаламай айырылып қалып жүрмеңіз!*
мяяя, Көркееем???
и не?! Осыдан бір жыл бұрынға шәнек кездегі жауабым үшін өштеспейтін шығарсың енД? )))
+2 дауыс
Сен өзің беті жоқ қатын екенсің. Күйеуіңе жаным ашиды,бір сүмелек - ау сені қатын қылып жүрген.
Жако, сәл сыпайы болсаңыз қайтеді? "Таяқтың екі ұшы бар" демекші, кінә екеуінде де бар болуы мүмкін, ол ашып жазған жоқ, жәй ғана көмек сұраған сияқты...
Айтпақшы, осы сіз медератор емес пе едіңіз?
Мен бұл жерде қандай анайылық көрсеттім,жазығым ашығын ащы айтқаным ба?Мен турасын айттым деп ойлаймын,Көркем. Мен бұндай қыңсылауға шыдамаймын. Егер анайы деп тапсаңдар жасыра беріңдер,еш өкпем болмайды.Ең бастысы өз ойымды айтып жеңілдеп қалдым,адамдар ненің жеккөрінішті екенін білуі керек деп ойлаймын.Өзінің ойы анау,тағы күйеуінен жылулық күтеді.Сонда ол қазіргі еркектердің бәрі бейшара,байғұс болып кетті дегісі келе ме,менімше кателасаді.Басқалар мұндай сорақылықтан аулақ болуы керек.Сондықтан қаталдықта керек шығар.
   P.S.Модератор екенім есімде,мен қазақша сайттардың біразында модпын,ұмытатындай емеспін дегенім ғой.модератор болмасам да адамдық тұрғыдан еркектерді қорлауға жол бергім келмейді.
Jako мен сенің пікіріңмен келісем.
Жақсы әйел еркекті төрге сүйрейді,
Жаман әйел еркекті көрге сүйрейді.
+2 дауыс
Ия, Жако мырзаны да түсiнуге болады. Жами ханым сiз бiзден қандай кеңес сұрап жатқаныңызды түсiнбедiм, сiз шешiмдi қабылдап та қойған сияқтысыз. Ойыңызда отбасын сақтап қалу ниетiңiз жоқ. Яғни басқа бiреу табылса күйеуiңiзбен ажырасуға да дайын сияқтысыз. Өзiңiзге жұрт көп қараса демек сұлу шығарсыз, осы сұлулығыңызға сенiп, күйеуiнiзден үлкен бiр нәрсе күтесiз. Сiз оны жақсы көрем және жек көрем дейсiз. Жек көретiн қылықтарын бәрiн ұмытып, тек жақсы жақтарын ойлап көрiңiзшi. Ақыры кеңес сұраған екенсiз, бiрiншi қадамды өзiңiз бастап көрiңiз. Ары қарай не айтарымды бiлмей кеттiм ғой, миым ашып кеттi.
+1 дауыс
Сіздерге не болған? Жаза баспайтын адам болмайды. Апшеміз бізден көмек сұрапты, ешқандай шешімде қабылдамаған, жай ойындағысын айтқан. Ал сіздер оған тап бас салып, жерден алып жерге саласыздар, олай істеуге болама екен? адамды қателесуге итермелейсіздер ғой,*Жами, менің сізге айтарым, адамдар өтпелі психологиялық басылуда болады, айналасына қарап басқа адамдар бақытты, жақсы өмір сүріп жатқан сияқты болып көрінеді. бірақ бәрі алдамшы, себебі сізде бақытттысыз. тек сізге шыдам қажет, күйеуіңізге тосын сыйлар әзірлеңіз, оның жақсы көретін тамақтарын әзірлеп беріңіз, біраз уақыт асты үстіне түсіп көріңіз, сол кезде сізге жақсы қарап, көңіл бөліп, жылы сөздер айтар. тек шыдамды болыңыз, ештеңе сіз, біз ойлағандай жеңіл, жақсы бірден бола қоймайды.*
Жаник,сен Жамидің екеінші сұрағын оқып көрсеңші,сонда түсінесің.
+1 дауыс
Сөзіңізге қарасам күйеуіңізді сүймейді екенсіз. Күйеуіңізде сіздің өзін сүмейтініңізді біліп, сізді өзінен алшақтатқысы келетін сияқты.
+1 дауыс
Сіз өзіңіз күйеуіңзді жақтырмайтын сияқтысыз ғой.Неге  сіз бірінші еркелетіп,жылы сөз айтпайсыз????
+1 дауыс
Сіздей жарым болса мен де жылу бөлмес едім, қайта қуып шығар едім. Құдай сақтасын! (n)
+1 дауыс
Жаксы әйел болсын, жаман әйел болсын сіздер олкісінің өмір сүріп жатқан жағдайын көздеріңізбен көрдіңіздер ме? Қандай халде екенін білесіздер ме? Білмесеңіздер астыртын сөйлемеңіздер. Бұл жерде біреудің тағдыры туралы болып жатыр айтып жатқан мәселелеріңіз.  Адам өмірге пәк болып келгенімен өсе келе дақтана бастайды кейбір жандар әрине. Бірақ бәрімізде пәк емеспіз күнәларымыз бар. Сондықтан алдамшы жалған өмірде жүрекке тиетін ауыр сөздер айтудың керекгі жоқ. Қазіргі таңда неше түрлі адам бар: біреу жігіт үшін өліп жатса, ал бірі қиындыққа шыдамай өліп жатыр. Енді бірі ауыр сөздерді көтере алмай өліп жатады ғой сондықтан ауыр сөйлемеңіздер ол жан жақсы болсын не жаман болсын. "Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі",-демекші айтар сөздеріңізді ойланып барып сөйлегендеріңіз абзал.
Ал енді сіздің мәселеңізге келетін болсам-күйеуіңізді өзіңізге қарату және қаратпау сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз. Не істеу керек дейсіз ғой әрине: Негізі әйел заты түзде емес, үйде сәндену керек. Өйткені күйеуінің алдында әдемі, сұлу және күйеуін өзіне деген ынтықтыру сезімін жолғатпас үшін. Киімдеріңіз киген күйеуіңіздің құштарлығын оятатын болғаны дұрыс, алба-жұлба киімдер кимеген жөн. Және де бір айтып кетерім "Ұлы сөзде ұят жоқ",-демекші жыныстық қатынаста күйеуіңіздің ляззатын қанағаттандыру керек. Сіз зіңізді қалай ұстасаңыз күйеуіңіздің алдында ол сізге деген сезімі солай болады. Мен өзім психолог болғандықтан сізге психологиялық тұрғыдан ғана пікірімді білдірдім. Тек алға қарай ұмтылыңыз сол кезде бәрі жақсы болады. Отбасы құрдыңыздарма енді сол отбасын сақтау екеулеріңіздің міндеттеріңіз болып табылады. Араларыңызда өсіп келе жатқан балаларыңыз болса тіпті екі есеге артатынын ұмытпаңыздар. Отбасы деген шағын мемелекет болып саналады. Сондықтан баланың ойыны емес керек болса құрып, керек болмаса тастай салатын. Ойланыңыз әлдеде!
0 дауыс
Бұндай принцпен алысқа бармайтын сияқтысыз? Оптемист болыңыз. Тұрмыс құрған екенсіз сақтап қалуға тырысыңыз?
0 дауыс
Кінәні тек күйеуіңізден іздеу дұрыс емес. Күйеуіңіз сіз жақтан рухани күш ала-алмай жүрген болар немесе күйеуіңіз жұмыстан шаршап жүрген болар. Сіз күйеуіңізге дем беріңіз. Жұмыстан келгенде бар бабын жасап, жылы сөздеріңізді айтып отырыңыз. Өз басыңыздағы қажетті (ананы алып бер, мынаны алып бер дегендерді) мәселерді айтуды уақытша қоя тұрғаныңыз абзал. Жұмыстан шаршап келгенде ми тынығатын массаждарын жасап беріңіз. Сонда ғана күйеуіңіз шаршағанын ұмытып сізді өзі-ақ құшағында баурап алады. Бақытты болыңыздар.
...