0 дауыс
305 көрілді
Өмірім түрлі қиындықтарға толы болды. Кішкентаымнан өмірдің ащы-тұщысын көріп өстім.Ерте жетімдіктің тауқыметін тартқан жайым бар.... Махаббат азабында татқызбай қоймады мына жалған өмір,Сонын әсері ме көп мұңайып  оңаша қалғанды ұнатамын,көпшіліктен алшақтап,мұңды өлең тындап,бір сүйген адамды еш ұмыта алмай көп қиналамын.Осындан қалай арылуға болады?

3 жауап

+1 дауыс
Кел сөйлесейк... үшінші дипломым психолог болам...)))
+3 дауыс
*Өмір осындай! Қиналып жатқан сіз ғана емес, бірақ оны ешкім де айтып жатқан жоқ. Қиыншылық артында жақсылық бар. Көпшіліктен алшақтап керегі жоқ, керісінше көңілді ортаға ұмтылыңыз. Тіпті болмай бара жатса, жұмыс істеңіз. Махаббат деген таусылмайды, сүйген адамыңызды да ұмытатын кез  келеді, одан да жақсы адам кездеседі. Алладан күдер үзбеңіз, әлі-ақ сізге де нұр жауатын күн келеді. Өмірмен күресіңіз.

Жиренткенде жамандық, күліп жең сен адамзат,
Ренжіткенде надандық, күліп жең сен адамзат.
Орындалмай тілегің, жылағанда жүрегің,
Тіршілікті күліп жең, күліп жең сен адамзат!!!*
+2 дауыс
Өмір болған соң күрес болу керек. Ешнәрсе де оп-оңай келе салмайды. Оңашада қалу сізге мұң сыйласа-оңаша қалудың қажеті жоқ. Мұңды өлең одан сайын көңіліңізді түсіреді, сізді жабырқатырып жібереді. Сондықтан, көп ортасында жүріңіз. Олармен әңгімелесіңіз, бұның да көп пайдасы бар. Бір іспен шұғылданыңыз. Миыңызды ой ойлайтындай бос қоймаңыз, шаршап шалдығып ұйықтайтындай(түнде ұйқы алдында әдетте адам көп нәрсе ойлайды ғой) жұмыс жасаңыз. Бір хобби табыңыз. Сосын мен біреуді ұмыта алмаймын, ойлай беремін деп айта берсеңіз миыңыз сол оймен уланып қалады, сондықтан мен өмір сүре аламын, мен бәрін де ұмытамын, мен өмірімді  өкінбестей өткіземін деп өзіңізді қайрап қойыңыз! Іске сәт!

Ұқсас сұрақтар

...