+3 дауыс
2.8k көрілді
Жылдың қай мезгілін ұнатасыз және не себепті сол мезгіл ұнайды…))
Ол да бір адамға әсер етеді ғой!
Көбісі жаз дейді.Оның жақсы жері каникул),ал жаман жері жәндіктер бар.
Қыстың жаман жері суық,жақсы жері жәндіктер жоқ(Жәндіктерден қатты қорқамын)
Сол сияқты өздеріңізге ұнайтын жылдың бір мезгілі?))

9 жауап

+1 дауыс
Барлық мезгілдер ұнайды. Жазда өзенге барасын, қауын,қарбыз көп. Бурабай, ыстық көл секілді демалыс орындарға рахаттанып барып қайтасын. Қыста суық жаңа жыл мерекесі бар. Қыздармен жүрсен мүлдем қызық. Қар атысасын. Өте қызық өтеді.  Көктемде жұмыс көбейеді бірақ сонда да көктемнің ерекшелігін айтпасамда білесіздер ғой. Күз айы бұл ай ұйқы айы болар білмедім. Ұйықтай бересін жер лай,қар жоқ бірақ қатты суық Таттілердің бәрі пісіп болады бір кереметі.)))
Барлығын мақтап шығыпсыз ғой?!)))))))))
Ия да)))  Кто деп тұрсын бізді
түсінбедім………
+2 дауыс
Бұрын көктем ұнайтын, өйткені қысы салқын ауылда тұрғасын, көктемді асыға күтетін.
Қазір жаз ұнайды
+2 дауыс
Күздің адамды ойландыртын  философиясы бар, және Күзде тұылғасн күз мен үшін ерекше мезгіл  !!!
Мен де күзде туылғанмын))
+4 дауыс

Бұрын көктем ұнайтын. Қазір қыс ұнайды. Себебі күз кезінде меланхолияға қатты берілем, әсіресе соңғы 2-3 жылда. Ал алғашқы қар жауғанда, бір жеңілдеп қалам. Оның үстіне қыс өтсе көктем келеді. Қыс бойы көктемді күтіп жүресің. Осы қыс өтсе бір керемет нәрсе алдыңнан күтіп тұрғандай болады. Маған әлденеге жеткеннен гөрі, сол әлденені күтіп жүрген күндер бақыттырақ сезіледі... Қысқасы, маған қыс ұнайды)) (Себебін түсіндірем деп көп сөйлеп кеттім ғой)))

+1 дауыс
Маған көктемнің соңғы кездері ұнайды. Осы кездері сабақ бітеді, əскерден жігіттер келеді, жазға асығамыз, емтихан жақсы тапсырамыз жəне де менің туған күнім.
+1 дауыс
Көктем не жылы емемс не суық емес жақсы.Қыста Жаңа жыл мерекесі.Күзде туған күнім.Жазда алма,арбуз шомылу дегендей.
+2 дауыс
Маған жаз мезгілі ұнайды.... Күн, теңіз, құм, демалыс  дейсің))) Қыста тоңасың, көктемде жер балшық, күзде күн жаңбыр ..... тоңғаннан ыстықтаған жақсы))
Дұрыс айтасыз!)
+1 дауыс
Маған алғашқы қардың жауғаны,алма ағашының бүршік жаруы,ағаштың сарғайып дала қызыл-сары кілемге оралғаны,көлге түсіп ауылда құрт жайып,бие сауған ұнайды.Бірақ соның ішінде ең ерекше ұнайтын мезгілім бұл -көктем!Бүкіл дала жаңара түседі барлығы жаңадан өмірлерін бастайды.Мамыргүлдің(сирень) пісіп жетілетін кезі.Оның аңқыған иісін айтсаңшы,бүкіл жан-дүниенді хош иіске бөлейді.Ұнамайтын мезгіл жоқ маған.Әр мезгіл өзінше ерекше,бөліп жара алмаймын!
0 дауыс
Тек қана қыс. Əсіресе жаңбыры үшін ұнатам, сосын қар жауғаны, суық болғаны, дауылды боранды болғаны ұнайд. Жаңа жыл үшін. Өзім де қыста туылғанмын. Басқа ешқайсын. Тек көктем аздап, барлық зат айнала таза, жаңарған, жуылып шайылған құсап тұратыны үшін. Жазды тек жаңбыры үшін болмаса
...