+1 дауыс
605 көрілді
Егер су тасқыны болайын деп жатқанын алдын ала білсеңіз,өзіңізбен бірге үш қандай зат алар едіңіз???Тек үш-ақ зат.…

1 жауап

+3 дауыс
Менің алатын заттарым  Құран кәрім кітабы,  атам сыйлаған  домбыра,  құжаттар салынған сөмке (жеке куәлік ,банк карточкасы,сақтандыру полюсі, сынақ кітапшасы, т.б)
Су тасқыны болғанда қорғану үшін,сіздің домбыраңыз бен құжаттарыңыздың қажеті жоқ болады…
Қорған бола алмайды егер су тасқыны күтпеген жерден келіп қалса. Бірақ сен алдын ала білсеңіз деп отырсың ғой. Кеудесінде жаны бар адам қимылдайды ғой, қауіпсіздік шараларын жасап , егер алдын ала тасқын болатынын білсе. Білсем осыларды алып су тасқынынан аман болып тұрған басқа жаққа кетіп қалсам керек.  Атамның домбырасы қымбат маған , көзі тірісінде өз қолымен жасап берген. Алғаш рет домбыра шертуді , Құрманғазы күйлерін үйреткен де атам.  Естелікке толы ол затты тастап кете алмас едім.   Құжаттарсыз бір жұмыс істей алмайсың қазіргі кезде. Ал тосыннан келіп қалса қайық , фонарик, ішетін су сияқты заттар керек шығар.  Біздің ауыл тау етегінде жайғасқандықтан жиі тасқын болып тұрады , көктем мезгілінде. Жылда тасқын уақытысында не істеу керек деген парақшалар таратылып шығады ауыл тұрғындарына. Сонда жазылыпты мына қайық, заттар салынған рюкзак, фонарик т.б заттар тізімі..

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
7 жауап
...