Қорған бола алмайды егер су тасқыны күтпеген жерден келіп қалса. Бірақ сен алдын ала білсеңіз деп отырсың ғой. Кеудесінде жаны бар адам қимылдайды ғой, қауіпсіздік шараларын жасап , егер алдын ала тасқын болатынын білсе. Білсем осыларды алып су тасқынынан аман болып тұрған басқа жаққа кетіп қалсам керек. Атамның домбырасы қымбат маған , көзі тірісінде өз қолымен жасап берген. Алғаш рет домбыра шертуді , Құрманғазы күйлерін үйреткен де атам. Естелікке толы ол затты тастап кете алмас едім. Құжаттарсыз бір жұмыс істей алмайсың қазіргі кезде. Ал тосыннан келіп қалса қайық , фонарик, ішетін су сияқты заттар керек шығар. Біздің ауыл тау етегінде жайғасқандықтан жиі тасқын болып тұрады , көктем мезгілінде. Жылда тасқын уақытысында не істеу керек деген парақшалар таратылып шығады ауыл тұрғындарына. Сонда жазылыпты мына қайық, заттар салынған рюкзак, фонарик т.б заттар тізімі..