+1 дауыс
447 көрілді
Бізге Түркия сияқты емін-еркін ҚАЗАҚ тілінде сөйлей беруге кім кедергі жасап отыр?

4 жауап

0 дауыс
Кейбір орыс тілді қазақтар
+3 дауыс
Өз-өзіміз. Басқа ешкім кедергі жасамайды.
+3 дауыс

Тіл жағынан Түркиямен салыстырған қалай болар екен...Бодан болмаған, бір ұлтты елдермен салыстырған қаншалықты дұрыс екенін білмедім... Шыңғыс дұрыс айтады. Бәріне кедергі болып отырған өзіміз. Бәрін өзімізден бастауымыз керек. "Көш жүре түзеледі"- деуші еді, тілдің "көші" бір түзелмей-ақ қойды-ау деп ананы бір кінәлаймыз, мынаны бір кінәлаймыз. Билік дамытпады деп шығамыз. Көшті бастау ғана емес, көштің басындағы атанға ілесе білу де маңызды. Тіл - биліктің ғана емес, әрбір қазақтың түйткілді мәселесі. Билік экономиканы дамытып, дипломатияны реттеп болғанша, біз де қарап отырмай, тілімізді орысша атаулардан арылтып, тазартып, байытып дегендей... дайындала берейік) Қазақ тірі тұрғанда, қазақ тілі аман болар, ИншАлла.  Бастысы, рухымыз өлмесін, үмітіміз сөнбесін^^

Рахмет. Жеткізе алмаған ойымды толық баяндапсыз. Керемет пікір шығыпты.
Белгісіз
+2 дауыс
Кім сендерге қазақша сөйлеме, қазақша сөйлесеңдер атыласыңдар деді? Ешкім олай деген жоқ, "Қайта қазақша сөйлеңдер, неғұрлым тек қазақша сөйлесек қана өзге ұлттар да қазақшаға өздері ақ ойысады" - деп жатыр. Бірақ осы біздің сапамызға жетіп жатыр ма? Екі ауыз орысшаны дұрыс сөйлей алмайтындар да орысша шүлдірлегісі келеді. Тілді ешуақытта заңмен күштеп сөйлете алмайсың, ол ұлттың патриоттығымен, санасымен, өзін қадірлеуімен болатын нәрсе. Өзге ұлттар өз тілінде сөйлей берсін, өз қазақтарымыз өз ара тек қазақша сөйлессек сонда қазақ тілі өз - өзінен дамиды.
...