+3 дауыс
1.3k көрілді
Қай облыста нағыз Қазақ тілі және Қазақтың таза салт-дәстүрлері жақсы сақталып қалған ?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ооой қазір басталады əркім өз өңіріне қарай тартқылап біреуі Маңғыстау,біреуі Шымкент,Алматы деп.Неге керек осындай арандатушы сұрақтар
Арандатушылық болмайды. Жанар не үшiн жауапты таңдағанын бiлмедiм, арандатушылықтың алдын алғаныма ))
Не үшін таңдағанын менде білмедім.Бірақ арандап қалмасада кикілжің болары анық.Қай өңірдің тұрғыны қазақи салт-дәстүрді жақсы сақтай алмадық деп айтады
+1 дауыс
Нақты білмедім,мүмкін (моңғолдар) шығар,вернее ол жақтан келген қазақтар.
Папа всегда маған айтады,оларды моңғол емес,ағайындылар  деп!(солай айтыңдар дейтін)
+1 дауыс
Негізінде Оңтүстік Қазақстан ғой.
0 дауыс
Кешірерсіз ZHannara, Дегенмен ойлаңызшы қазақ қазақтығын сақтаймын десе өз қолында емес пе? Ия 260жыл бодан болдық екен деп оны айтып сылтау қыла берудің керегі не? Бізге біреу келіп орысша сөйлесе, қазақ екеніміз есімізден шығып  алдарында орысша білмесекте өтірік былдырлайтынымыз рас қой! Ол қанша орысша сөйлеседе қазақша жауап қайтарайықшы көрейін қазақша сөйлемегенін. Басқа елге берып қазақша сөйлеш саған қазақша жауап берер мекен.СҚО тек орысша сөйлейді ол жақта орыстардың көптігі емес қазақтардың қазақшаны құрметтемеуінде шығар. Құрметтеді делік неге онда қазақша сөйлемейді?
Қазақстанның барлық облыстарына отаршылдық бірдей мезгілде бірдей деңгейде тараған жоқ, Ресейге бірдей жақын жатқан жоқ. 260 жыл - сылтау емес, тарих, біздің өткеніміз. 260 жылдың салған таңбасы 25 жылда кете қоймайды. Бөліне бермей, бір-бірімізді қолдамасақ бұл бір сәтте "Мен қазақ тілін құрметтеймін, қазақша сөйлеп кетем" дегенмен шешіле салатын іс емес... Байқасаңыз, орыс тілді қазақтар мен қазақ тілді қазақтардың арасы әлі бір-бірінен алшақ... Мені осы алаңдатады. Отанын сүю, тілін құрметтеу деген - "Сен қазақша сөйлемейсің, ал мен сөйлеймін" деп бөлінген үстіне бөліне беру емес қой. Қайта тілі бір, ділі бір біртұтас ұлтқа айналатын шығар жол табу, тілі басқа болса да қаны бір қандастармен тіл табыса білу... Ойымды дұрыс түсіндіре алдым ба білмеймін....
0 дауыс
Менің не айтып отырғанымды түсінбеген сияқтысыз ғой. Тәуелсіздік алғанымызға бірталай жыл болды. Ендігі өзгеріп қазақшалықты орнату керектігін айтып отырмын
Түсіндім ғой, бұл - айта-айта жауыр болған сөз ғой. Қалай түсінбейін?))
+1 дауыс
Оңтүстікте әрине....................
–1 дауыс
Қызылорда ғой!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Оңтүстіктее деп ойлаймын
...