Қазақстанның барлық облыстарына отаршылдық бірдей мезгілде бірдей деңгейде тараған жоқ, Ресейге бірдей жақын жатқан жоқ. 260 жыл - сылтау емес, тарих, біздің өткеніміз. 260 жылдың салған таңбасы 25 жылда кете қоймайды. Бөліне бермей, бір-бірімізді қолдамасақ бұл бір сәтте "Мен қазақ тілін құрметтеймін, қазақша сөйлеп кетем" дегенмен шешіле салатын іс емес... Байқасаңыз, орыс тілді қазақтар мен қазақ тілді қазақтардың арасы әлі бір-бірінен алшақ... Мені осы алаңдатады. Отанын сүю, тілін құрметтеу деген - "Сен қазақша сөйлемейсің, ал мен сөйлеймін" деп бөлінген үстіне бөліне беру емес қой. Қайта тілі бір, ділі бір біртұтас ұлтқа айналатын шығар жол табу, тілі басқа болса да қаны бір қандастармен тіл табыса білу... Ойымды дұрыс түсіндіре алдым ба білмеймін....