+2 дауыс
4.4k көрілді
Сөз сүйектен өтеді дейміз,бірақ бәрі сөзді өткізе білген адамға байланысты емес пе?!Қазір көп адамға сөздің қадірі жоқ сияқты болып көрінеді.Адамдар дауды сөзбен емес,қимылмен неге шешеді,әлде шынымен сөзді адамдар түсінбейді ме?!
Мылқау болып бара жатырмыз ба(переносное значение)?!

4 жауап

+3 дауыс
Неге ойламайтын нәрсені ойлайсындар? Соны айтшы одан да)
Сұрақ көбейту үшін де)
бәсе) а неге жоғалып кеттің?
Уйдемін……………
Ешқайда жоғалмадым)…
+2 дауыс
Сөз ешқашан сүйектен өтпейді. (с) Кличко.
Кличко айтса "Өтпейді сөз ешқашан сүйектен" деп па айтар еді ғо))
Өткен жоқ.
рингте өтпейді
Белгісіз
өтті - өтпеді деп миды тақтай ғылмандарш
Қысқасы биолог сенікі өткен жоқ. Өтсе айтам.
+2 дауыс
Қазір көп нәрсені сөзбен емес, ақшамен шешетін заман..

Ақша болмаса ұрыс-керіс, төбелеспен шешіледі көп нәрсе..

Сөздің құны кете бастады...

Бірақ, дұрыс сөз ешқашан да жерде қалмайды.. ""Жететін сөз тыңдаушыға қалай болса да жетеді...""
"Сөз" ешқашан сөреде қалмаған, қалмайды да. Неге сөздің заманы өтеді екен. Егер сөздің сарыны қалып бара жатса неге онда қазақтар кешегі күні қазақта қара сөзге дес бермеген Абайды әлі күнге ұлы санайды.

Айтыңыздаршы сөз неге сүйектен өтпейді екен. Тіріні өлтіретін де ,өліні тірілтетін де сөз емес пе еді? Сөздің құны жоқ болса онда бүгінгі күні өзінің тілінің шеберлігі мен талайды үнемі тамсандыра білетін Бекболат ағамыз неге онда сөйлеп жүр. Егер олар сөздің құнының түсіп кеткендігін білсе, халыққа сөздің өтпейтінін білсе,онда жүрекке жететін неше түрлі сөздерді сөйлемес еді ғой. Сіздердің бұлай деулеріңіз кітапты аз оқығандарыңызда екенін айқында анық көрсетіп отыр достар ойланайық!
+4 дауыс
Сөз сүйектен өтетіні рас... Мәселе - сөзді түсіну-түсінбеуде емес, меніңше... Адамның жанын жаралап, жүрегіне жүк болатын сөздерді әдейілеп айтатындар да болады. Сүйектен өтетін сөз деген -сол сияқты.  Мысалы,кейбіреулердің сөзі сұрапыл дауыл емес, ызғырық жел сияқты болады. Ақырын ғана самал боп есіп тұрып, сүйегіңнен өтеді де, жүрегіңде қалып қояды...
...