+3 дауыс
549 көрілді
Қазіргі Қазақ әншілері жәй, той-домалақтың әншілеріне айналып барады , олардың неге әлемдік деңгейге көтерілуге шамалары жоқ,сіздер қалай ойлайсыздар ?

3 жауап

+3 дауыс
Елдің эстрадасын, заманауи өнерін дамыту тек өнер иелеріне ғана байланысты емес. Шетелге танылу -қып-қызыл бизнес. Ол үшін арнайы сол саланың маман компаниялары, білікті продюсерлер жұмыс жасауы керек...  Әнші тек  сахналық қойылымдар, концерттерді жоғары деңгейде өткізге ғана дайындалу керек. (Шетелде қазір жанды дауысты ғана тыңдайды). Әуелі елімізде продюсерлік топтар арасында бәсекелестік қалыптасуы, арнайы чарттар ашылуы шарт, альбомдарды көшіріп сатуға тыйымды күшейту керек.. Сапалы концерт пен альбомнан түскен кіріс қомақты болса, "жұлдыздарымыз" жерге түсіп, мейрамхана жағаламайды... Шетелге қарау керек, жол үйрену керек, біржола әнімен қосып ұрлай салмай, шетелдік поп музыкаға қазақи әр беріп қайта қорытып шығару керек. Меніңше әншілерді шетелге шығаруға әлі ерте. Өзіміз оларды толық бағалап, өнерін өрлетуге мүмкіндік беріп жатқан жоқпыз. Алдымен өзімізден бастайық... "Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер" деген...
+1 дауыс
Тойға шақырып жатқан тыңдарманның өзі ғой. Ақша берем десе кім бармайды?
+1 дауыс
Алтын көрсе періште жолдан таяды демекші,оңай жолмен ақша табу кімге болсын жақсы.Оның үстіне қазақ жұрты болғандықтан еріншекпіз,тойшыл халықпыз!Айта берсек жетеді)
...