+2 дауыс
3.9k көрілді

Алтын не себепті құнды металл саналады? Неге әлемнің ақсүйектері байлығын алтын ретінде сақтайды?  Нақты себептері болса...

"Алтын, Күміс, Қалайы"

Мұхтар Шаханов

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән.
Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,
Жер бетінде алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән,
Көркі осалдық етпегей мазмұнынан.
Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,
Жер бетінде күмістің аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,
Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
Қалайы өтсе күмістің есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен.

(Ал мынау, жай... Өлең оқи отырайық деп)))

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына фильмді кеше ғана қарап шығып едім (сізбен де бөлісе отырайын): 

О, рахмет))
...