1. Басы — тарақ, арты — орақ. (Қораз)
2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
3. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
4. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
5. Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
6. Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
7. Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
8. Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
9. Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
10. Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)