–3 дауыс
524 көрілді
Дүние жүзінің халқы әр түрлі тілде сөйлеп,бір-бірін түсінбей қиналғанша,бәрі келісіп,неге бір тілде сөйлеспейді ?      Мысалы: Италия тілін таңдаса,барлық ел оны тез үйреніп, меңгеріп кетуге оңай,әрі әдемі естіледі, бәрі ол тілде сөйлеуге қарсы болмас еді,қайта үлкен мәртебе болар еді. Қытай,ағылшын,орыс, тілдері әлемдегі ең қиын тілге жатады екен,әсіресе орыс тілі,орыс тілін бүкіл әлем жек көреді екен,қазақтан басқа.
Менде жек көрем
Тілді жек көргені несі? Осы сайтта "Қазақ тілін жек көрем" десінші бір өзге ұлт өкілі, ит терісін басына қаптап жіберерсіңдер.
мен қазақ тілін емес орыс тілін жек көрем
Оны түсіндім, сондықтан да жаздым.
Түсінбедім, тілді қалай жек көруге болады, әр ұлттың өз тілі болады, орыс тілі де орыс ұлтының тілі, оны неге жек көреді екенсіңдер (сосын бүкіл әлем жек көреді деген ақпаратты қайдан алдыңыз)

3 жауап

+1 дауыс
Тіл - ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын жалғыз құндылық, тіл жойылса ұлт та жойылады (дүние жүзінде жыл сайын жүздеген тілдер өлі тілдердің қатарынан орын алуда, қазір 7000 мыңға жақын тіл болса, өткен ғасырдан екі есеге азайып отыр)
+1 дауыс
Көз алдыңызға елестетіңіз, 2100 жыл. Әлемде тек 1-ақ тіл бар. Италия тілін барлық әлем жылдам үйреніп алған және басқа тілдердің барлығы ұмыт болған. Енді археологтар бір ежелгі артефакт тауып алады. Онда иероглиф емес, критограмма емес осы жазу сияқты бір жазу жазылған. Оны қалай түсінеді? Мүмкін онда әлі күнге дейін емі табылмаған аурудың емі жазылған шығар. Бұл тілді білетін соңғы адамның қайтыс болғанына 5 жыл болды. Сондықтан адамның прогрессіне бірден бір үлес қосып отырған осы тілдердің көптігі.
0 дауыс
Тілінен бас тартатын ұлтты қайдан көрдіңіз бүкіл әлемді түсіну үшін! Бірін-бірі түсіну үшін 130 ұлт бір тілде сөйлей алмай жатқан елде, халықаралық қатынастардың бір тілділігіне бас ауырту күлкілі-ақ!
Әлемді бәрі-бір,ерте ма, кеш па ағылшын тілі басып алады.Оның дәлел і- жер планетасында 7 миллиардтан аса халық бар,сол халықтың 4 миллиарды осы ағылшын тілін бұрыннан бері қолданып отыр (АҚШ,европа ,индия,жапония,қытай,ОАЭ, ЮАР т.б.). Ал, 7 миллиарды осы ағылшын тілін қосымша халықаралық, ғылым тілі деп,балаларын жаппай оқытуда. Ал орыс тілін 140 миллион адам ғана қолданады, оның өзінде жойылып барады ,30 пайызы шала сөйлейді. Қазақ тілін 10 ақ миллион адам қолданады , оның 5 миллионы дұрыстап сөйлей алмайды да,ұмытып барады...Осы сайттардағы қазақ жастарының жазғандары қате-қате.  Мысалы: Барар едім-барушы едім .  Көрер едім- көруші едім.   Келер едім - келуші едім, Күлер едік - күлуші едік , неткен ақымақтар бұлар.Тағы: Айтсаңшы -айтсиши. Шөп-чөп . Жүз-дүз. Отырмыз ғой -отырық қо. солай кете береді быт-шыт болып,бұлар қалай құрымайды енді ?.
Жаһандану кезінде көшке ілесу де маңызды шығар, бірақ түйеңнің өркешіне өз құндылықтарыңды артып алып көшесің бе, әлде жылдам жүру үшін тастап кетесің бе, сол тіпті де маңыздырақ сияқты)
Иә, дұрыс айтасыз. Бірақ сауатсыз жазу-барлық елде бар жағдай. Ол қазақ тілін менсінбеуден, өзге тілді зор, өз тілін қор санаудан әлдеқайда "сауатты" көрінеді) Қазақ тілінің дамуына басты кедергі ол емес деп ойлаймын.
Сіздің ойыңыз түсініксіз, біз сонда қазақ тілінен бас тартуымыз керек пе? Егер қазақ тілін жоғалтып алсақ қазақ деген халық жер бетінен біртіндеп жойылып кетпей ме?,
vvvwww, иә сізбен келісем! Онсызда тілді дамыта алмай жатсақ, барлық әлем елдері бір тілде сөйлеуі керек дегенді мен де түсіне алмадым...
...