Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып жүрген Қамбардың белсенді қимыл-әрекеті кереметтей тартымды.Батырдың ерекше болмысы екі жағдайда көрінеді. Біріншісі, көне эпос салтына тән жолбарыспен алысқандағы ерлігі болса, екіншісі - ел шетіне жау келгенде қорған бола білген қаһармандық іс-әрекеті. Қамбар бейнесінде жеке отбасын құрудан гөрі руының, тобының қамын жеу басым. Назым тарапынан өзіне деген көңілді сезгенімен оған құлай кетпейді. Қайта бойын аулақ ұстаудың түрлі жолдарын табады.
Толық ақпарат көзі:http://old.abai.kz/node/7130