+1 дауыс
2.2k көрілді
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті жайлы. Ерте орта ғасырлардағы империялар туралы мәлімет керек еді?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазда киіз үйде, ал қыста шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үйде тұрған. Жазғы үйлері - киіз үй және арба үстіне орнатылған жылжымалы үй-күйме. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Киіз үйдің бауы - басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйді жауып тұратын киіздер - түндік, үзік, туырлық. Қысқы киімдер: құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қойдың немесе түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем ішік, тон. Қысқы бас киімдері елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ болды. Жазда ыстық өткізбейтін жұқа киізден жасалған қалпақ киді. Бойжеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік болды. Жас келіндердің бас киімі – сəукеле. Кейін сәукеле орнына желек жамылды. 

Толық мағлұматты осы жерден ала аласыз: http://www.itest.kz/lekciya_qazaq_khalqynyng_madenieti

...