–1 дауыс
1.0k көрілді
Кең байтақ жерден не пайда,
Оны да біреу жауласа.
Баспанасы жоқ қазағым,
Бір үйін өзі салмаса.
Атамекеннен не пайда,
Келімсек келіп жалмаса,
Шетелден келген қандасың,
Азамат бола алмаса.
Байқоңырыңнан не пайда,
Тізгінін Ресей ұстаса,
Он бес жыл бойы бір қазақ,
Ғарышқа қарай ұшпаса.
Депутаттардан не пайда,
Көңлінен жұрттың шықпаса,
Парламентке барып ап,
Қорылдап тұрып ұйықтаса.
Парламентіңнен не пайда,
Елім деп ерің сыймаса,
Бекболат.Мұхтар, Тоқтарға,
Үш орындығын қимаса.
Әкімдеріңнен не пайда,
Қарындары бір тоймаса.
Тендрден тиын жымқырып,
Баюды ғана ойласа.
Патша болғанан не пайда,
Жанына жемқор жинаса,
Қыз, күйеу, құда баланың,
Басбұзарлығын тимаса.
Телеарналардан не пайда,
Қазақша хабар бермесе,
Тым болмаса айтысын,
Қызықтап жұртым көрмесе.
Айтыстан мынау не пайда,
Разы боп халқым қайтпаса.
Біздерден мынау не пайда,
Шыңғыртып шындық айтпаса.
                                              Ринат Заитов

Жауап та емес күткенім,
Пiкiр дe емес күткенім,
Бүкіл емес бір қазақ
Ойанса менiң күткенім !!!
Бұларды блогқа жазыңыз………

3 жауап

0 дауыс
Заман өзынғана оилаитын жағдаиға еріксіз итермелесе , Əркым өзінің былымын, қабілетін қаида журседе корсете алса, сол халқына қосқан зор лөсы.киімің бутын, қарның тоқ .қаиғың жоқ болса, одан басқа не паида керек. АЛЛА дан алақандаи халқыңның амандығын тіледі журебер!
бызге жеткендерде бар, асып тасып қырлысып жатқандарда жоқ емес, жетпегенде бар, коралмаи жумыртқадан суиек ыздеп жарылғанда бар, ышың куисе муз жала, асқан саит аның ысы, сабырлы болсаң, барынде Уақыт көрсетеді. заманның жақсысы білмегенді уиретеды, былып асып кеткендерді қудай өзі корсетеды. Бірлік ынтымақ болсын ағайын! !
0 дауыс
Депутаттар дегенмен қосыламын. Шұбыртып 97 депутат жасағанша, бір 40-50і де жетедіғой.
+1 дауыс
Бұны неге жазып отырғаныңызды түсінген жоқпын, ешқандай поэзиялық құндылығы жоқ (яғни өлең деп оқуға тұрмайды),

сосын саяси-әлеуметтік проблемаларды өлеңмен жеткізуге қарсымын (өлең өнер ғой, оған саясатты араластырғанда табатын пайдамыз шамалы)
Поэзия да адамға пайдасы тисе өнер,  тимесе керек емес қоғамға, дұрыс айтасыз саясатка араласса табар пайдасы шамалы бырак енді болатын саяасатшыларды тәрбиелеитини анық !!!
Поэзиядан не пайда
Адамды бір оятпаса
Көп оқығаннан не пайда
Елге оны бір таратпаса

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
...