0 дауыс
Шығармашылық емтихандар қалай өткізіледі?
17.05.2015 40.8k қаралым

5 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу. Ол 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Ең жоғарғы балл саны — 25.

10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Және шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Шығармашылық мамандықтарға тапсырғанда ҰБТ-дағы тек 2 пәннің балы ғана қоса есептеледі. Олар: қазақ тілі (немесе орыс тілі) және Қазақстан тарихы. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер бір ғана мамандыққа тапсыра алады.

17.05.2015
0 дауыс
Мен 11-сынып жетекшісімін. Сыныбымда "Д" деген оқушы  "Сәулет" өнеріне тапсырмақшы. Шығамашылық емтихан тапсырмақты. ҰБТ кезінде осы оқушыға оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәнінен  ғана тапсыруына болады ма?
20.06.2017
0 дауыс
1) шығармашылық емтиханда қандай пәндер тапсырылады? педагогика психология тапсырылмайдыма?

2)шығармашылық емтиханды тапсығанда тек қазақ тілі мен қазақстан тарихын ғана тапсырса болама?
21.04.2018
0 дауыс
1.Шығармашылық емтиқанға көбінесе қандай сұрақтар келеді

2.өтпей қалған сынынан адамдар басқа паннен қайта берсе бола ма?
02.07.2018
0 дауыс
шығармашылықта екі пән болады олар қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы,
30.10.2020

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы