Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу. Ол 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Ең жоғарғы балл саны — 25.
10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Және шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Шығармашылық мамандықтарға тапсырғанда ҰБТ-дағы тек 2 пәннің балы ғана қоса есептеледі. Олар: қазақ тілі (немесе орыс тілі) және Қазақстан тарихы. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер бір ғана мамандыққа тапсыра алады.