+3 дауыс
753 көрілді

Түнде кеш ұйықтайтын, күндізгі уақытқа қарағанда түнде белсенділігі артып, шығармашылық дарыны ашылатын немесе жұмысқа ынтасы күшейетін қолданушылар бар шығар. Қалай ойлайсыздар? Кеш ұйықтайтын адамдар үшін мына әлем әділетті ме? Бұрын солақайларды оң қолмен жазуға үйрететін, қазір оның адамның ойлау қабілетіне кедергі келтіретінін анықтап, солақайларды "түзетпейтін" болды. Қазіргі күн режимінің талабына сай жүрсең қатты ыңғайсыздықты сезінесің. Белсенділігің түнде артатындықтан, түнде кітап оқып, сабақ қарап, кино көрсең... бәрі мұны күн режимі бұзылған дейді. Кешкі сағат 10-нан асқан соң хабарлассаң кеш хабарласқан боласың, бірақ олар саған таңғы сағат 7 жарымда телефон соғып, әлі ұйықтап жатырсың ба деп таңғалыспен сұрайды. Неге адамдардың белгілі бір бөлігі осындай ерешелігі бар екенін ескере отыра, бүкіл әлем ерте ұйықтап, ерте тұратындардың уақытымен жүреді? Өйткені ол дұрыс күн тәртібі, денсауылққа сол пайдалы дейтін боларсыздар. Олай емес екенін психологтар дәлелдеп отыр. Себебі әр адамның ағзасындағы биологиялық сағат әр түрлі. Оған сәйкес жүрмесе, адамда асқазан, жүйке аурулары пайда болады екен. Қазірге дейін дұрыс деп есептеліп келген күн тәртібі кейбір адамдарға (үкілерге) сәйкес келмесе не істеу керек? Неге күн режимі үкілер үшін әділетсіз? Солақайларға сол қолмен жазуға, тіпті қызтекелерге некелесуге (кейбір елдерде) рұқсат беріп жатқанда, үкілердің жай жатып, жай тұруына неге рұқсат бермейді? (Санаты: қызық сұрақтар (онша қызық емес боласа да))). Салмақты қабылдаудың қажеті жоқ дегенім ғой^^)))

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия, қиындау үкілерге, бірақ бастығым маған бір сағат кеш келуге рұқсат берген (бір сағат кеш кетем), сосын сенбі, жексенбі күндері асықпай ұйықтап алам. Сөйтіп бірдеңе етіп жүруге тура келеді енді.
+2 дауыс
Сұрағыңыз өзіңізге жақын көрінеді, тарихта үкілі адамға мысал етіп  физик ғалым Никола Тесланы алып қарауға болады,  ол бүкіл жұмыстарын қала уйқыға кеткенде жасаған олда интроверт болға,  ол жасаған жаңалықтарды әліге дейін ғалымдар түсіне алмай,  жасай алмай жүр,  сол үшінда үкілі адам да басқа адамдарда жоқ илахи күш болады!!!
0 дауыс
Ол мүмкін емес қой. Бәрібір барлық адамның ерте тұрып, ерте ұйықтауы керек. Бір-екі адамның денесіндегі биологиялық сағатқа бола бүкіл мектеп пен жұмыс күтіп тұрмайды ғой!!!
Соншалықты салмақты мәселе емес) Жай, қызық  үшін қойылған сұрақ қой) Мен сол неге сіз айтқан мектеп пен жұмыс ерте тұратындарға ғана ыңғайлы болып жүйеленген деп ойлап отырм ғой)  Және бір-екі адам емес шығар... Одан әлдеқайда көп деп ойлаймын)
+1 дауыс
Ехх..бiздi ешкiм тусiне алмас!))
Соны айтам)))
0 дауыс
Оны ерекшелік деп ойламаймын. Жәй адам дағдыланып қалатын шығар. Табиғаттың жаратылысы өзі солай ғо. Құдай түнді адамдар дем алулары үшін жаратқан. Табиғаттың жаратылысына қарсы жүрген адам қалайда зиян көреді деп ойлаймын.
адамдардың хронотиптері болатыны медециналық дәлелденген, қазақша мәлімет іздеп таба алмадым (мынау орысша мәлімет(

http://comp-doctor.ru/son/sova-zhavoronok.php
Қазақша мәлімет таптым: http://old.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8897
...