+2 дауыс
6.7k көрілді

Қазақ қыздарды мәпелеп өсірген бе?  Ежелден бері бабаларымыз қыз балаға қалай қараған? Қыз бала тәрбиесінің басқа ұлттардан ерекшелігі неде?  Жалпы, қыз баланың қазақ қоғамындағы орны қандай болған?

 

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

“Қызға қырық үйден тыю” деген дана философиялық қағидаға орай ата - бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз өссе елдің көркі” дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдемілікке баулыған. “Қыз жат жұрттық” деп айтылып, өмірден сабақ ала білген бабаларымыз бөтен елде қыздарының тәрбиелігімен, көргендігімен дараланғанын қалады. Сол үшін де ата салттың мәнін өзгертпей, оны қатаң сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде қазақ қыздары адами киелі қасиеттерді бойына жинап, өзге халықтардан ерекшеленді. Әсіресе қыздардың еңбек сүйгіш қасиеттері оларды отбасыны, сондай - ақ бүкіл дәстүрлі шаруашылықтың ұйытқысына айналдырды

Толықтай ақпаратты мына жерден таба аласыз:http://elibrary.kz/download/zhurnal_st/st13311.pdf

+2 дауыс
Қазақ қызының қоғамдағы орны. Жалпы айтқанда жақсы сұрақ. Қазақ халқы үшін қыз баланың орны әрқашан ерекше болған. Бекболат ағамыз айтып өткен "Қызын сыйламаған қоғамның ұяты кетеді ең бастысы, ұяты кеткен қоғамның намысы тапталады, ал намысы жоқ ел көсірткі болады, қашанда ер намысы қыздың ары мен өлшенген" дейді ғой. Сондықтан қазақтар үшін қыздың көңілі бөлек болған.
...