+4 дауыс
565 көрілді

Осы біздің елде сатушылар неге алармандарға сыпайы емес? Көпке топырақ шашпаймын. Әрине, жылы жүзді ағайлар мен апайлар да бар күліп қарсы алатын. Бірақ көп сандысы "алсаң ал, алмасаң қой, маған керек пе? " дегендей үнсіз отырады да, ештеңе алмай шығып кетсең, көзін алайтып кеп жібереді. Тіпті азық-түлік дүкенінде де кесек ақша берсең, біраз сөйлеп тастайды.  Киімнің екеуін киіп көрген соң-ақ, қабақ кетеді түйіліп. Неге осы сауда саласында қызмет көрсету соншалықты нашар? Шетелдерде  алсаң да, алмасаң да, есіктен күліп қарсы алып, шығарда тағы да келіп тұрыңыз деп алғыс айтып шығарып салады ғой. Қытайларда "Күле алмасаң сауда істеме" деген мақал бар екен. Аларман ретінде біздің сатушылардың қылығына қатты қарным ашады. Сіздер қалай ойлайсыздар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiрiншi өзiңе пышақ тық, батпаса басқаға тық деген. Сауда жасау оңай шаруа емес, базарда отырғандардың барлығының жүйкесi тозған. Себебi: Сауданың нашарлығы және Клиенттердiң адамды әуре қылуы. Кейбiр адамдар бар адамды езiп жiбередi, ананы мынаны 1-сағат шұқылап, әр қайсысының бағасын сұрап соңында ештеңе алмай кетедi, жүйке қалай тозбасын. Бiз Қытайлық емеспiз, Қазақпыз, бiздiң қанымыз басқа, олардiкi басқа. Сауда жасағанда тауары аздау адамдардан жасау қажет, өйткенi олар клиентке мұқтаждығы жоғары, көптерге қарағанда, сондықтан олар сыпайы келедi. Ал бiз тауары көпке барамыз, олар клиентке мұқтаж емес, себебi оларда выбор бар, сондықтан олар жалынышты бола бермейдi, көкiректеу келедi...
Сонда қазақтың менталитетінде сыпайылық жоқ па? Сыпайылық пен жалынышты болу синоним сөздер ме? Егер саудадан пайда келмесе, өркөкірек болудан пайда келе ме? Кез келген саланың маманы стресс алады, сол ашуын басқалардан алса "жүйкесі тозған" деп қоя салу керек пе? Жаһандану заманында сауда арқылы қарқындап дамып кеткен көршімізден біраз нәрсе үйренсек соншалықты ағаттық болғаны ма? Бізде тауар мен таңдау көп те, қытайларда аз ба?  Қатырдыңыз)))
Саған өркөкiрек көрсеткен адам уақытында сыпайылық көрсетiп болған, демек қәзiр өркөкiрек көрсете алатындай жағдайда және саған сыпайылық көрсетпесе саудасы тоқтап қалады деген сөз емес бұл. Сен әншейiн миллионның бiрiсiң жаным. Сол үшiн өзiң оларға сыпайы болуға мәжбүрсiң н/е тауарды басқа жерден iздеп тап деген әңгiме бұл. Олар дамыған елден үйренбесе де саудасы болып жатыр және үйренугеде қажеттiлiгi жоқ сен үшiн. Ал ендi қатырдым жаным )))
Мәселе маған ғана емес, менен кейінгі миллион адамға да дәл осындай қылық көрсетсе ше? Сонда да ештеңе етпей ме? Алушы сатушының алдында сыпайы болуға мәжбүр бір ел бар екен деген аңыз таратсаңызшы әлемге. Оның дұрыс емес екенін, сіз де, біз де білеміз. А, айтпақшы... Құқық пен міндет туралы: Ана-мынаны шұқылап, ештеңе алмай кетсе, демек бұл - алушының құқығы, ал оның шұқылап кеткен нәрсесін реттеу - сатушының міндеті. Осыған да ерінсе неісне сауда жасайды? Сауда істеп, қиналып көрген екенсіз. Алушылар әбден титықтатқан екен. Оны түсіндік. Саудагер не үшін өркөкірек болуы керек дегеніңізді түсінбедім? Сонда ол өзі үшін сауда істемей ме?) Қайырымдылық қорының қызметкері емес қой міндетсінетін. Біздің елде сауда дамып қойған деп ойлайсыз ба? Қытайға қарағанда  сауда жағынан біз дамып кеттік деп ойлау үшін қаншалықты оптимизм керек десеңізші)) Соншалықты позитивті ой иесі екеніңізді білмеппін))   Аталарымыз айтады екен: "Білме, білгеннің тілін алма!" деген ең жаман қарғыс" деп...  Білгеннен үйренейік десе, көкірек керіп шығамыз.... Е, не дейм енді....
Бәрiне ондай қылық көрсетпейдi, тек сен настроение жоқ кезде барып қалғансың. Шет елмен бәсекелесу үшiн, iшкi сауданың қатысы жоқ, экспорт жасаушы iрi компаниялар, зауыттарға байланысты. Базардағы сауданы айтасың ) Және жүйкесi тозған адамды күйдiре бермешi )
Иә, сөзіңіздің жөні бар! Бәріне ондай емес те шығар! "Албасты кірпікке қарап басады" дейді ғой. Жуас болғасын сіз сияқты жүйкесі тозғандар ашуын менен алатын шығар үндемей кете береді деп)))  Барлық дамыған елдерде алдымен ішкі сауда дамиды. Екеуінің еш қатысы жоқ деген өте күлкілі тұжырым болды)) Қайдам, бізде қайдағы бәсеке? Тауарды Қытайдан алып отырсақ? Экспорт дегеніңіз мұнай шығар, тауар емес қой))) Неге күйіп кеттіңіз? Айтқаным шамыңызға тиді ме? Әлде арасында біраз шындық бар ма екен?))))
Кiм жуас? )) Иии жаным сенi алған жiгiттiң миы мен құлағының соры бар шығар )) Қазақстаннан тек мұнай ғана экспортталмайды ғой.
өмірде айта алмаған сөзімнің бәрін осында айтып аламын ғой. СЖ маған сол үшін керек. Ал біреудің миы мен құлағы жайлы алаңдамай-ақ қойсаңыз да болады)) Мен тұрмысқа шықпаймын да)) Сізді де ми мен құлақты құртатын қыздардан, шұқылағыш клиенттен сақтасын! Оптимизмді жоғалтпай бақытты өмір сүруіңізге тілектеспін!! Анда-санда айтысатын адам болғанда жақсы екен)) Бұдан кейін клиенттерге күліп қарап, бар ашуыңызды менен алсаңыз да болады))) Пікіріңіз үшін, отансүйгіштігіңіз үшін көп рахмет^^
Өмiрде де осылай сөйлейсiң бе әлде ойыңды жинақтап жазасың ба?
Осылай деген қалай? Адамның жынына тиіп пе?) Шынымды айтсам өмірде көп сөйлемейм))
Мақалдатып... Менде солай. Қуып кетiп, көп сөйлеген адамды ұнатпайм, басым ауырып кетедi. Маған қызықты, керектi тақырып болса ғана қосылам.
Жоғи мақалдап сөйлемейм ғой~ Жазғанда сөзім мәнді, мәйекті болсын деп қыстырып қойғаным ғой) Ккк, басыңызды ауыртсам кешіріңіз!)
–1 дауыс
Мына жақты шаң тозан қылып жіберпсіндерғо

Сіздер ренжіп отқан адамдарыңыз айлыққа істеп жүрген адамғо саудагер емес, нағыз саудагер өзі зат сатпайды тек ол айландырып отырады орын орнына қойып!!!

Қазағымды жамандай бермең бір күн болсада !!!
...