+1 дауыс
435 көрілді

Қазақстан қазақ 100 пайыз тілін сақтап қала ала ма?

Ұлттық тәрбие

Білімге адамзаттық кең өріс,
Тәрбиеге ұлттық сипат керек.

Ерте кезде жастарға, жалпы қазаққа толыққанды, жан-жақты тәрбиені отбасы емес, ата-ру қауымының тәрбиелік ортасы ғана берген. Ол кездегі ата-ру қауымы нағыз зиялы (табиғи зиялы) орта болған, сондықтан ата-әжелерінен таза ұлттық тәрбие алып, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ уызында қанған Абай, Шәкәрім, Мұқтар, Ілияс, Мағжан, Бейімбет, А.Байтұрсынұлы сынды зиялылар ұрпағына ұзақ жылдар азық болар туындыларын беріп кетті. 
Саналары Орыс-Совет мектебінің диірменінен өткен бүгінгі ата-әжелер өз ұрпағын, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ қандыра алмай, сорлатып отыр. Жағдайды түзеу үшін, Елінің болашағына сенетін қазақ халқының кез-келген өкілі балалары мен немерелерін қазақ бала-бақшалары мен мектептеріне беруі керек.
– Дүниедегі тірі жандардың ішінде кім күшті? 
– Рухы биік адам күшті !
Күшті рухты – темірдей төзім мен ұлттық үн қалыптастырады.

Бұған дәлел ретінде, ақын Әубәкір Дастаұлы аударған, қасиетті құран жолдарынан, Бақара сүресінен үзінді келтірейік:

...Қиындық басқа түскенде, көмекке келсін төзімің,
Адамда төзім ұлы күш және ұлы күш өз үнің.

Қазақ үні – өте қасиетті, өте құдретті ұғым

Қазақ үні дегеніміз – қазақтың біртұтас ортақ тілі, ол – қазақтың ата жолы: ортақ салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ол – қазақтың ортақ мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық киімі, ол – қазақтың ұлттық тағамы, ата кәсібі: төрт түлік малы мен егіншілігі, ол – қазақтың ортақ жері, ауасы, орман-тауы, өзен-көлі.

Қазақ үні дегеніміз – ұлттық құндылықтарға негізделіп, бағытталған іс-әрекет.

Ата-бабаларымыз Құдай берген ақыл-ойдың арқасында ғасырлар бойы қазақ үнін қалыптастыру арқылы қазақ халқын біртұтас ұлт дәрежесіне көтеріп, ұрпағының қолына ұстатып кетті.
Ата-бабаларымыз қазақ үнінің күшімен Қазақ Елінде дүние жүзінде, әлі бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның жүйесін құрып, нағыз ұлттық тәрбиелік ортаны қалыптастырған.( Осы жерде «Білім саласы және оны жаңғыртудың бағыттары» беріледі )

Ұлттық тағам

Қазақтың экологиялық жағынан ең таза, коректік маңызы зор, сіңімді, сапасы жоғары, Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегінде жазған «... сары қымыз, қазы-қарта, жал-жая» сияқты көптеген ұлттық тағамдарымызды бүгінгі күн талаптарына сай жаңғыртып, ұлттың денсаулығын, генофондын түзеу үшін, алдымен оларды қазақ халқының алдына тартып, артылғанын әлем халықтарына экспортқа шығарып, Қазақ Елін байыту керек.

Ұлттық киім

300 жылға созылған қазақты ұлтсыздандыру саясатының әсерінен, бүгінгі қазақ – азат, еркін өмір сүрген ұшқыр ойлы ата-бабаларымыз ойлап тауып – киініп, әлемді тамсандырған киім үлгілерін осы заманға лайықтап қолданып – дамыту тұрмақ, олардан жұрдай болып айырылып қалған. 
Ұлттық киім киюдің идеологиялық және экономикалық маңызы өте жоғары, сондықтан бұл істі зерттеп-насихаттап, оның орындалуын талап ететін дизайнер-моделшілердің «Қазақ үні» қоғамдық мәдени орталықтарын құру арқылы жолға қою керек.

Ұлттық өнер

6000 жылдық тарихы бар, дүние жүзіндегі музыка аспаптарының АТАсы, қазақтың бүгінгі қоңыр үні өзгерген домбрасының жағдайын, ата-бабаларымыз биік деңгейге көтеріп, ұрпағының қолына ұстатқан ұлттық өнердің басқа да көптеген түрлерінің бүгінгі ахуалын сұрап, соңғы 100 жылда қалыптасқан жағдайды түзеуді талап ететін өнерпаздардың көп салалы «Қазақ үні» қоғамдық мәдени орталықтарын құру арқылы, қаржыландыру жағынан «батыстық үрдістегі» өнердің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық өнерді қолдау керек.

Ұлттық спорт

Қазақ халқының мыңдаған жыл тарихы бар, ұлттық болмысқа негізделген спорт түрлерінің бүгінгі жағдайын зерттеп, соңғы 100 жылда осы салада өшкен қазақ рухын көтеру мақсатында, спорт жанкүйерлерінің көп салалы «Қазақ үні» қоғамдық мәдени орталықтарын құру арқылы, қаржыландыру жағынан «батыстық үрдістегі» спорт түрлерінің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін қолдау керек.

Ұлттық Бұқаралық Ақпарат Құралдары

Қаржыландыру жағынан, 100 жылға жуық орыс тілді БАҚ-дың көлеңкесінде қалып, үні өшкен Ұлттық Бұқаралық Ақпарат Құралдарының бүгінгі мүшкіл жағдайы, санасы таза әрбір қазақтың жанына батады. Қалыптасқан ахуалды түзету мақсатында, оқырмандардың көп салалы «Қазақ үні» қоғамдық мәдени орталықтарын құрып, бөлінетін қаржыға қоғамдық бақылауды жолға қойып, өзге тілді БАҚ-дың бәрі, материалдарын міндетті түрде мемлекеттік тілде, қосарлап беруін талап ету керек. Бірінші кезекте, теледидарда, балаларға арналған мультфилмдер тек қана қазақ үнімен, өзге тілдерде титрмен жазу арқылы берілуі тиіс. 

5 жауап

+2 дауыс

Енді ешқашан 100 пайыз деген болмайды(( 

Бәрі қазақша сөйлеп кетеді деген күннің өзінде, калькалар қаптап кетті, орыс тілінен 

төте аударып жатырмыз, бұрын көрмеген қайдағы терминдер шығып жатыр,

 өзімізде бар төл атауларды қолданбай міндетті түрде 

(мысалы, бұл сөз де қазақтар қолданған сөз емес) орыстың терминін сөзбе-сөз аударып қоямыз. 

Осыдан кейін тазалық туралы сөз қозғауға бола ма? 

Таза болсын, қоспа болсын, қазақша болса болды дейміз де көз жұма саламыз((

0 дауыс
Әй... таза қазақша сөйлеу арман болып қалады ғой... қайтеміз қазырғы жағдайда, ауылы алыста.
0 дауыс
100 пайзды не қыламыз, өзімізден бастамаймызба жауапкершілікті осы сұрақ қойған айдостан бастап жауап бергендер өз тілімізді сақтап қаламыз деп шықсақ әр біріміздің қазақ болып өз тілімізге азда болса  қосқан көмегіміз болар!!!  

МЕН БАР ЕКЕНМІН МЕНДЕ 100 ПАЙЫЗ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖАСАЙДЫ!!!
0 дауыс
Мен қазақпын деген адам қазақша сөлейді
0 дауыс
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Әрине мына заманда қазақ тілінің абыройы төмендеп бара жатқанын аңғарған соң сіз бен біз осы сұраққа келіп отырмыз. Ендеше қазақ тілін қалай көтереміз? Қалайша мұндай сұрақтар енді мазаламайты етуге болады? Ойланарлық жәйт.  

100 пайыз сақталып қалсын десек өзімізден бастап сауатымызды ашып, білімділігімізді арттыра отырып, қазақ тілін дамытуға  сіз бен біз атсалысайық!
...