0 дауыс
325 көрілді
Торренттен прога 100 пайыз жүктелгесін, "раздается" деп тұрады. Бұл не мағына?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Былай түсіндірейін сен файл жүйтейсің ал жүктегеннен кейін басқа қолданушылар сенің жазған ойыныңды өз компьютеріне жүктейді.Сен бір сайттан ойын басасың басқаннан кейін басқа қолданушылар сол сайттағы сен басқан ойынды өздеріне басып алады.
тағы бір сұрақ боп тұр. Жүктеген соң iso файл болып жуктелді. Соны устоновка жасай алмадым. 2,3 прога солай болды. ошибка.
"iso" форматындағы файлдар мағанда ашпайды. Оны аштыру үшін бір програм қажет шығар.
Daemon Tools Lite деген прога қажет isо деген файлды диск қылып виртуалды образ жасап береді.Жазып ал,көптеген ойындар iso болып келеді
.iso форматын WinRAR бағдарламасымен ашып жүрмін.
+1 дауыс
раздается  жазып болды  деген мағынада.
0 дауыс
Раздается деген- сен жазып болгасын сен ол жазганынды баскаларга таратып жатсын деген солай раздается жасау керек негурлым коп адам таратса солай согурлым торренттін жылдамдыгы коп болады. ISO мен ойынынды дискке жазуга болады сосын дисктен компка жазасын
0 дауыс
BitTorrent — биттік ағым деген ұғымды білдіреді екен. Соңғы онжылдықта шыққан құжат алмасу жүйесінің кең таралған түрі, бүгінде Сіз және біз болып белсенді қолданып жүрген жүйенің сызбасы мына күйде жүреді екен:



Жоғарыдағыдай сызбада көрсетілгендей, құжаттар клиенттен клиентке тікелей жіберіле алады. Бұл жерде, сервер торрент құжат туралы ақпарат қана беріп, клиенттерді біріктіретін орын ғана болып тұр. Торрент трекерлер ашық және жабық болады. Жабық трекерлер көбіне рейтингпен белсенді жұмыс жасайды, өзара рейтинг жоғарылаған сайын, келесі аккаунт ашу сияқты мүмкіндіктер беріліп отырады. Құжаттың құрамында нақты не болатындығы серверге белгісіз, сондықтан, торрент құжаттардың ішінде түрлі вирустық, теріс пиғылды программалар (теріс пиғылды программисттердің өнімі ше?) емін-еркін жүре алады.
Құжат алмасу көбіне торрент программалармен жүзеге асырылады (онсыз да алмасуға болатын жолдары бар), мәселен uTorrent.
Пир, сид деген терминдерді көп естіген боларсыз?
Сид — құжат таратушы автор болуы мүмкін, немесе құжатты толық көшіріп алып, оны таратушы.
Пир — торрент таратуға қатысушы. Мейлі ол құжатты жазып алып жатқан клиент болсын, бірақ ол қатысушы болып саналады. Сонымен, сид және пирлер көп болған сайын, құжатты көшіріп алу жылдамдығының жоғарылау ықтималдығы да жақсы болмақ.

Сурет wikimedia.org сайтына тиесілі
...