+2 дауыс
10.5k көрілді
Дүние жүзіндегі бай адамдардың бірі болу үшін не істеу керек?

13 жауап

+5 дауыс
Оны білсек осында отырмас едік қой)) Ол туралы ойланып көрмеппін. Жалпы байлыққа біреудің ала жібін аттамай жету оңай емес шығар. Сондықтан ең бай адамдар да әлденені (достықты, намысты, арды, адалдықты, т.б) құрбан ету арқылы сондай байлыққа жететін сияқты. Кейде жолы болуы да, Алла тағала байлық арқылы сынауы да мүмкін. Бірдей жолмен жүру арқылы бірдей мақсатқа жету мүмкін деп ойлайсыз ба?
Отырмай, қайда болатын едiң?
Сіз құсап сауда жасап жүрер едім)))
Freedom не сатасың?
Клиенттер "шұқылайтын" тауар сатады))
Косметика-Порфюмерия.
+2 дауыс
Бірінші бас істеу керек, соңынан не болса соны істеп көру керек шығар,  Жаннара айтқандай мен де бұл жерде отырмас едім!!!
0 дауыс
Ниетің таза болу керек.
Аллаға ушкыр,барыненде  ден саулық зор баилық! ! Денымыз сау салеметте болайық ағайындар. Сол ушын кунделыктты кішігырым жатыгулармен шыныға журеиык. Мәдениетты соилесуды адетімызге аиландыраиық, аиналамыздағы адам дарға меирымды болаиық.
Осыған жетер баилық жоқ шығар омырде. ..
+1 дауыс
Бұл дүниеде,  Құдай адамға байлық беріп бір сынайды , кедей қылып бір сынайды екен. Көп ақымақтар сол келген байлықты ұстап қала алмайды,тіпті байқамай да ақшасын оңды-солды шашып , шансты жіберіп қояды. келген байлықты нысаппен ұстап қалсаң, ұстап қалғаның , бірақ ол да артыңда қалады. Адамға нысап керек НЫСАП !       Бұл өмірде  ақша да байлық та уақытша нәрсе ,әкеңмен де,анаңмен де балаларың менде әйеліңмен де бір күндері біржолата қоштасасың . Ең дұрысы әр адам жоғалмайтын рухани бай болу керек,ол мәңгі өзіңмен бірге болады.
0 дауыс
пыкырыңыз орынды Рахат мүрза.
Тағыда кім не аитады екен
+1 дауыс
Бай болу үшін, меніңше адам өз-өзіне қадағалауды жақсарту керек. Ол уақыт және финанс қадағалауы. Жоспар құрып, сол жоспар негізінде саналы түрде әр уақыт сайын белгілі бір немесе мөлшерде жетістікке бір қадам жоғарылап отыру керек.

Артық уақыт шығыны мен ақша шығынын болдырмау қамын ойлау керек. Бұның салдары босқа кеткен ақша мен уақыт ғана емес, алдағы уақытта болатын іске кесірі тиюі мүмкін.

 
Ақша табудың кең таралған кең таралған екі түрі бар: жұмыс істеу және идея сату. Әлбетте, жұмыс істеген адамдардың салыстырмалы түрде біреуі бір сома тапса, екіншілерін одан екі есе, үшіншілері одан он есе көп табуы мүмкін. Оның бәрі адамның өзін өзі бағалауына әкеліп тіреледі. Жоғары бағалаған сайын, табыс та мол. Әлбетте, ол үшін білім, бір емес түрлі білім, тәжірибе, бір емес бірнеше, ондаған, жүздеген мол тәжірибе керек. Жеке бас дисциплинасы, денсаулық, білім, біліктілік, рух және сауаттылық, өресі (кругозор), орта неғұрлым жоғары болған сайын, өмір ол адамға соғұрлым көбірек беретін сияқты.

 

Байлық - қолдың кірі, бірде бар, бірде жоқ. Біреу тартып алады, біреу ұрлап алады, біреу еңбекпен жетеді, біреуге сыйлайды, біреу оны жоғалтады, байлық уақытша. Ал, білім мен тәжірибені ешкім де тартып, ұрлап алмайтын жоғалмас қазына. Сондықтан айтар едім, ең бай адам, ол білімді және тәжірибелі адам.
0 дауыс
перамида құрып жумыс істеитын адамдардан дəл Осы сиақтты логикалық создерды естігенмін , amigo пікіріңыз өте əдемы.
Сол пирамидашыларды жек көремін :)
0 дауыс
Аитпаңыз ешкімде жақсы кормеитын шығар.
Бірақ кеибіреулер тіптты жап жақсы жумысын тастап , ен1-болып аиналасын дағы тустарын, достарының  бастарын қатырып, жер сипалап қалғаныдары  қаншама! !сондада соны кәсіп қылтандар азаимаиды!!~/\~ Милана қандаи порошок пен жуып тастаиды екен? ?
0 дауыс
Бай болу үшін. Бай күйеуге тиу керек
0 дауыс
Кандай бай алады 2 улыммен бай адамды калай табасын
+1 дауыс
Бұл дұғаны таңертең және кешке үшіреттен оқу керек:

<<иа хамийдәл фиъали зәлмәнна ъалә жәмййъй халкиһй бйлутфйһий>>
Және бай болу үшін наның қоқымын жеу керек

Тамақ ішір алдында және ішіп болғаннан соң қолды жуу керек

Осыларды істесеңіз сіз бай бола аласыз
0 дауыс
Әлемдегі ең бай адам ол Билл Гейтс.Билл Гейтс айына 134миллиард ақша табады.Билл Гейтс өзінің байлығына қарамай,қарапайым адам түрінде киініп,өмір сүреді
0 дауыс
Өзі алға қойған мақсаттарын орындап ақша жинап, жұмыс жасап ақша табуы керек. Кішкеньайынан ақша жинап жүрсе үскенже бай бодуы мүмкін деген пікір бар деп сенемін. Мен бұны жазып отырған: Сабыр Айзере
...