0 дауыс
546 көрілді
Нильс Бор алтын медальдарды қалай сақтап қалды?

1936 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығын ұлттық-социализмге қарсы қайраткер Карл фон Осецке тағайындағаннан кейін ұлтшыл Германияда бұл мараппатты тағайындауға тосқауыл қойылған болатын.Дәл осы мезетте неміс физиктері Макс фон Лауэ мен Джеймс Франк өздерінің алтын медальдарынтәркілеуден сақтап қалу үшін Нильс Борға сеніп тапсырды.Нильс Бор алтын медальдарды қалай сақтап қалды?

Нильс Бор алтын медальдарды қалай сақтап қалды? Жауабын тезирек тауып бере аласыздар ма? 14 мамырға дейін

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұлы Отан соғысы кезінде физика саласы бойынша лауреат атанған немістер Макс фон Лауэ (1914) мен Джеймс Франктың (1925) және дат Нильс Бордың (1922) Нобель медалдарымен қызық жағдай болыпты. Копенгагендегі Бордың Теориялық физика Институты 1933 жылдан бастап ұлты еврей неміс физиктері Макс фон Лауэ мен Джеймс Франкке баспана болған екен. Олар неміс үкіметінің тінтуінен қашып, Нобель медалдарын Данияда қалдырған болатын. 1940 жылы Дания жаулап алынған соң, Борды медалдың тағдыры алаңдата бастайды.

Гитлерлік Германияда алтынды шетелге шығару өте қатты заң бузушылыққа жататын. Лауреаттардың есімі медалдарға ойып жазылғандықтан, оларды анықтау соншалықты қиын емес, ал оның салдары ауыр еді. Сол институтта істейтін ұлты еврей, венгриялық химик (1943 ж.химия саласы бойынша Нобель лауреаты) Дьёрдя де Хевеши сол кездегі жағдайды былайша еске түсіреді.

“Мен медалды жасыруды ұсындым, бірақ медаль табылуы мүмкін деп, Бор ол идеяны ұнатпады. Мен оларды ерітуді шештім. Басып алушы әскерлер Копенгаген көшелерімен жүріп жатқанда, Джеймс Франк пен Макс фон Лауэ-нің медалдарын ерітіп жаттым. Соғыстан соң Нобель қоры Лауэ мен Франкке жаңа медалды ықласпен сыйға тартты.” Соғыстан кейін Хевеши Лауэ-ге - медалдарды еріту қиын болғанын, нацистердің Бор институтын өте мұқият тінткенін, бірақ ешнәрсе таба алмағанын, медалдар соғыстың аяқталуын патша арағының ішінде күтіп алғанын,- жазады.

Хевешидің жазбасында Бордың Нобель медалі жайлы сөз жоқ. Алайда Бордың Копенгагендегі мұражайының құжаттары Нильс Бордың медалі, 1920 жылғы физиология және медицина жөніндегі Дат лауреаты Август Крогтың медалі сияқты 1940 жылы 12 наурызда өткізілген Финляндияға көмек Қорының аукционына жұмсалғанын көрсетеді. Медалдар белгісіз біреулер арқылы сатып алынып, Данияның тарихи мұражайына тапсырылыпты, олар осы күнге дейін сонда сақталып тұр.

...