0 дауыс
6.8k көрілді
Абылай ордасында деген тақырыпқа мазмұндама 8 сыныпқа арналған таба аласыңдарма?Таба алмадым.

3 жауап

0 дауыс
Aбылай (Әбілмансұр) – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып мемлекеттер – Қытай, Ресей патшалығымен мәмілеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да ардақты хан, кемеңгер көсем. Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Кезінде орыс тарихшылары, зерттеушілері Абылайдың хандық қызметіне, саясаттағы беделіне, қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, оны кеңестік идеология көп уақытқа дейін тарих тасасында қалдырды. 1944 жылы Г. Александров, П. Поспелов, Ф.Федосеев, т.б. кеңес ғалымдарының БКП(б) Орталық Комитетінің хатшылары Г. М. Маленков, А. Щербаков атына жазған хатында М. Әбдіхалықов, А. Панкратова редакциясымен шықан Қазақ ССР тарихының тұжырымдамасы қатаң сынға алынды. 1940-1980 жылдарда А. Баймұрзин, Н. Г. Аполлова, В. Я. Басин, Б. П. Гуревич, Т. Ж. Шойынбаев, С. Е. Толыбеков сияқты тарихшылар еңбегінде Абылай "халықты тонаушы", "екі жүзді", "жауыз, қанішер", "қайшылықты, жалтақ саясат иесі", "басқыншы", "зорлық-зомбылықшы", "орыс мемлекетіне қарсы шығушы" болып айыпталды. 1950 жылы "Правда" газетіндегі мақалада Абылай-Кенесары заманы қараланды. Тіпті 80-ші жылдардан кейін де Қытайдан Я. Мырзахан және тарихшы К. Хафизова Абылай құрған хандық мемлекетті жоққа шығаруға тырысты. 1962, 1977, 1983 жылдары жарияланған Қазақ ССР тарихы Абылайдың билігі, саясаты жайлы теріс түсінік қалыптастырды. М. Вяткиннің Абылай ханға оң баға берген еңбегі ескерусіз қалды. Абылайдың хандық мемлекетіне, қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты баға берілген А. И. Левшиннің жазбалары – тарихи шындықты жан-жақты ашатын, құнды еңбек. Ол: "Абылай – тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен биік еді", дейді. Абылайдың 1755-56 жылдардағы Жоңғар хандығын түпкілікті талқандауға қатысты жорықтарына және Қытаймен арадағы саясатына Н. Я. Бичурин (Иакинф), Ресеймен қарым-қатынасына В. Вельяминов-Зернов. Абылайдың ел билігіндегі қызметіне И. Я. Златкин, Г. Спасский, И. Г. Георги, И. П. Фальк, М. Красовский тоқталады. Бірқатар әскери жазбаларда Абылай туралы деректер бар. Тарихи құжаттар негізінен "ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарында" жинақталған. Абылайдың Қытай боғдыханымен жазысқан хаттары, қытайдың әскери жазбалары, қолбасшыларының жарлықтары, елшілік қатынастары, келісімдері жөніндегі еңбектері – маңызды тарихи дерек көздері. Қытай тарихшысы Су Бей-Хай өз зерттеуінде "XVIII ғасырдың орта шенінен бастап Абылай аты тамам қазақтың ұранына айналды" деп баға береді. Дегенмен, Абылай туралы шындық сәулесі өшпеген тұстағы ауызекі әңгіме-аңыздар, тарихи жырлар негізінде дүниеге келген Ш. Уәлихановтың "Абылай хан" зерттеу мақаласының өрны бөлек. 1861 жылы жарық көрген бұл еңбек негізінде орыс энциклопедиялық сөздіктері мен күнтізбелерінде Абылай жөнінде мәліметтер, бағалар берілді. Тарихшы Қ. Халидұлының 1910 жылы Қазанда басылған "Тауариһ һамсасында" Абылай ханның заманы, жоңғарлармен соғысы жайындағы ой мол. Ол "Қазақ елінің соңғы хандарының ең атақтысы – Абылай хан. Абылай хан қабілеттілігі арқасында... үш жүздің ханы аталды" деген тұжырымды пікір түйеді. Абылай туралы Қазақ совет энциклопедиясында оң түсінік берілгенімен, кеңестік тарих ғылымында Абылай ханның тарихи рөлінің айқындалмауы қазақ тарихының шындығын ашуға мүмкіндік бермеді. 1964-65 жылдары шыққан "Қазақ әдебиетінің тарихында" Абылайды қаралайтын аңыздар мен тарихи жырлар ғана жарияланды. Профессор Н. С. Смирнованың монографиясына идеологиялық қысым жасалды М. Әуезов тікелей басқарып, 1948 жылы жарық керген "Қазақ әдебиетінің тарихы" қатаң сынға алынып, ұлы классиктің қудалануына әкеп соқты. М. Әуезов сол кезде: "Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас" деп айрықша атап көрсеткен еді. Абылай, Кенесары тақырыбын қалам тартқан Қ. Бекқожин да сынға ұшырады. "Шиеленіскен халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қоластына біріктіруге тырысты... көршілері Ресей, Қытай, Жоңғария мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды" деген тарихшы Е. Бекмахановтың үлкен тарихи монографиясы, С. Асфендияровтың, М. Тынышпаевтың зерттеулері Қазақстан тәуелсіздігінен кейін қайта жарық көрді. 70-жылдардың соңында шыққан Н. Бекмаханованың ғылыми еңбегі Абылайдың Ресеймен қарым-қатынасына арналса, академик Р. Б. Сүлейменов пен В. Моисеевтің монографиясы – Абылайдың өмірі мен қызметін терең талдаған тарихи зерттеу. 1991 жылы 1 тамызда Көкшетауда өткен Абылайдың 280 жылдығы тарихымызды қайта қарауға, тарихи тұлғаларымызды бағалауға, әсіресе, Абылайдың қайраткерлік рөлін айқындауға жаңа бетбұрыс болды. Бұған тарихшылар, зерттеушілер М. Қозыбаев, Р. Сүлейменов, В. Моисеев, Ғ. Сапарғалиев, М. Құл-Мұхаммед, Қ. Әбуов, Қ. Сапғара, Н. Мыңжан, Н. Мұхаметханұлы, Қ. Бижанов, Е. Ділмұхамедов және т.б. шынайы үлес қосты. М. Қозыбаев: "Абылай хан - өте алып та, тұңғиықтай терең де тұлға. Оның есімі XVIII ғасырдағы барша әлемдік тарихқа құбылыс болып енді" десе, Р. Сүлейменов: "Хан Абылай – қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған аса ірі тұлға" деп ерекшеледі. Басқа ғалымдарымыз да тұжырымды ойларын айтты. Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметі ХҮІІІ ғасырда Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Шал сияқты ақын-жыраулар поэзиясында ғана жырланып қалмады, кейінгі ғасырлардағы тарихи жырлар мен дастандардың да өзегіне айналды. Абай: "Абылай мен Кенесары – қазақ халқының қаһармандары. Олардың істері мадақтауға лайық" деп ой тастады. Ш. Құдайбердіұлы аңыз-әңгіме, деректер жазып қалдырды. Абылай туралы аңыз-әңгімелерді жинауда М. Ж. Көпеев зор еңбек сіңірді. Жамбыл Абылайға өлең арнап, ол туралы аңыздарды жеткізсе, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, М. Дулатов, С. Мұқанов т.б. абылайтануға үлес қосты. Абылай, Кенесарыға қатысты жыр, толғау, аңыз-әңгімелерді орыс ғалымдары В. В. Радлов, И. Катанов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, А. Е. Алекторов т.б. ел ішінен жазып алды. "Дала уалаяты" газетіндегі бір хабарда 1891 жылы Санкт-Петербург университетінің Шығыс факультеті студенттеріне "Қазақ қаһармандары Абылай, Кенесары жайлы толғауларға ғылыми бәйге жариялануы да" – сол заманның өзінде ардақты тұлғаларымызға ерекше мән берілгендігінің куәсі. Кеңестік саясат Абылайды жалаң, идеологияландырылған, қайшылықты тұлға санаған кезде де ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай бейнесіне, атап айтқанда, Қ. Мұхаметханов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, Ә. Қоңыратбаев талдау жасады. Сонымен бірге С. Қасқабасов Ш. Уәлиханов жинаған Абылай жайлы аңыздарға, Р. Бердібай тарихи жырлар мен қисса-дастандардағы Абылай бейнесіне сипаттама берді. Ж. Тілепов XVIII ғасыр ақын-жырауларының өлең-толғауларындағы Абылай өмірінің тарихи шындыққа қатысын, Ш. ЬІ. Уәлихан Абылайдың халық ауыз әдебиетінде сомдалуына, өміріне қатысты тарихи деректердің мәнділігіне тоқталды. А. Тарақты Абылай күйлерінің шығу тарихын, күй аңызын зерттеді. Абылай жайлы тарихи құжаттарды аударып, абылайтануға негіз боларлық материалдарды жинап бастыруда С. Ақтаев елеулі еңбек сіңірді. Б. С. Рахымовтың XVIII ғасырдағы тарихи жырларға байланысты 1993 жылғы кандидаттық диссертациясында Абылай бейнесі басқа да қазақ батырларымен бірге жалпылама қарастырылды. Дегенмен, Бұқар толғауларындағы Абылай бейнесіне Ж. (Омари) Артықбаев тарихи зерттеу жасады. Абылайнамалық шығармалардың баспасөзде жарияланп, кітаптарда жарық керуіне С. Дәуітов белсене атсалысты, асыл мұраларды қайта тірілтті.
0 дауыс
Абылай ордасы туралы толық мағлұмат таба алмадым
0 дауыс
мазмұндама жазу керек болып тур. Соған мəлімет бере аласыздар ма?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 26.10.2020 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
11 жауап
...