+1 дауыс
1.9k көрілді
Біз білеміз тарихтан қазақ халқында қаншама ұлы тұлғалардың боғанын. бірақ сорымызға орай сол ер азаматтардың бәрі саяси құғын сүргін, біреулердің сатқындығынан, немесе қастандықтарынан өмірден ерте озып, бастаған істерін аяқтауға мүмкіндік бермеді. Көзіңізді бір минутқа жұиып өткенді көз алдыңызға елестетіп бірөтсеңіз және сол адамдардың істерімен бірге. Тфә тфә қазірде еліміздің жағдайы жаман емес, бірақ сондада кейбір шешімін таппаған мәселелер бар ғой .

5 жауап

0 дауыс
Егер сол азаматтар қолдарына күшті билік жинай алса, онда әрине жағдайымыз қазіргіден де жақсы болар еді. Ал егер олар күшті билік құра алмаса, онда бытшыт болады. Меніңше қазақ халқы билікті қатты сыйлайды, қорқады, ал егер билік әлсіз болса, онда Ақаев сияқты бездіртіп жіберетін еді.
+1 дауыс
Сол кездегі қазақ халқындағы мықты-мықты адамдар қазір керек. Депутат болып отырған,жемқор, парақор адамдардың барлығын өз орнына қояр еді. Сталин оларды бекерге өлтірген жоқ, көзі ашық, сауатты адамдардан қорықты, сондықтан жазалады, егер оларды өйтпегенде қазақ жері бодан болмайтынына сенімдімін. Қазір Қазақстанның болашағы өз қолымызда, барлығын бір Назарбаевқа жауып қойып, ештенке істеп жатқан жоқ дейтіндер бар, меніңше ол дұрыс емес. Ол қателіктер жіберген шығар, бірақ кешірерліктей өйткені ТМД мемлекеттерінің арасында Қазақстан секілді дамыған мемлекет жоқ. Адамдар не демейді, қарындары тойса тырнақ астынан кір іздей бастайды, не болсада болашақта елімізді дамытатын тұлғалар - біздерміз.
0 дауыс
Егер ғұлама адамдар болса, менде қазір жағдайымыз жақсы болар еді деп ойлаймын. Бірақ, оларды орыстар қуып жіберер еді. Ал орыстар болмаса, қазір біз болмауымызда мүмкін еді. Себебі: қытайлар басып алуы да мумкін болатын.
Қойындаршы сол қытайлар басып алады дегендеріңді, басып алмағанда не қылсын біздер күнде қытайлар басып алады деп өздеріміз тілегендей айтып жүрсек, барлығы бір Алланың қолында, мүмкін Қазақстан Қытайды басып алатын шығар, егер қытайлар басып кірсе сен сонда отырасынба қытайлар бәрі-бір басып алады деп, менің өз ойым ондай заттарды айту адамның сауатсыздығы, білімінің саяздығы, өз елін, жерін біреуге беріп қоя беру қалай қолдарыңнан келеді, осы қашан қоясындар біреудің айтқанын айтып қытайлар басып алады деген еді, барлығы соны айтады, маған бәрі бір қытай емес бүкіл дүниежүзі басып кірседе өзім сендерге ұқсап бәрі бір басып алады деп қарап отырмаймын.
0 дауыс
Біріншіден - Ұлылық тек Аллахқа жарасқан, ол құрбан болған азаматтарды "Ұлы" демей - ел батырлары немесе зиялы азаматтары дегеніміз жөн шығар!!! Екіншіден - қазірдің өзінде ондай азаматтар баршылық және олардың қадірін біліп те жүргеніміз шамалы. Үшіншіден - бұл сұрағыңды ("ақыры құласаң - нардан құла" - дегендей) Адам ата мен Хау ана жұмақта жүріп сол жемісті (орысшасы танымалырақ - "яблоко раздора") жемегенде қандай болар едік деп қойғаныңда дұрыс болар ма еді??!!!
0 дауыс
Сол адамдар тірі болып,Қазақстан сол кезде өз алдына мемлекет болып кеткенде сендердің /біздің/ әкелерің байдың қойын бағып,өзіміз қозысын бағып жүрер едік.Ол адамдардың ойында тек қана егемендік қана болды,ал кедейлердің жағдайын жақсарту олардың жоспарында болған емес.Сондықтан ол кезді көксемей-ақ қой.

Біреулер "Гитлер бізді басып алғанда жағдайымыз жақсы болар ма еді"- дейді.Сандалыпты...Жағдайың жақсы болар,қарның тоқ болғанына мәз болсаң...
...