0 дауыс
5.2k көрілді
Достар маған Мұңлық пен Зарлық туралы реферат тауып беріңдерші 2-бет болса жақсы болар еді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұңлық– Зарлық – Шығыс сюжетімен құрылған жыр. «Мұңлық– Зарлық» ел арасына тараған ауызша нұсқаларымен қатар қолжазбалары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Алматы қалаларының мұрағаттары мен кітапхана қорларында сақтаулы. Сюжеті жағынан «Мұңлық– Зарлыққа» ұқсас «Алтын Айдар», «Зарлық», «Шапшар хан», «Қиссауылыи Мұңлық – Зарлық» секілді жырлар бізге жеткен. Жырдың халық арасына кеңінен таралуына қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы көп еңбек сіңірді. Ол ауызша тараған үлгісі негізінде жырды қара сөзбен (өлең аралас) қайта жырлап, 1896–1916 жылдары Қазан қаласында «Хикаят Рисале-и Мұңлық – Зарлық» деген атпен бірнеше рет жариялады. Жыр сюжеті қазақтың ертегі, аңыздарымен сарындас, онда батырлық эпоста кездесетін сөз оралымдары мен бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылған. Қазақ ауыз әдебиетінде ерлікті, ғашықтықты дәріптеген дастандар аз емес. Дегенмен елімізде осы күнге дейін кейіпкерлерінің қабірлері сақталып қалған жыр екеу-ақ. Оның бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», ал екіншісі – «Мұңлық – Зарлық». Біз бүгін осы «Мұңлық – Зарлыққа» тоқталғанды жөн көрдік. Өйткені ондағы кейіпкерлер осы біздің Оңтүстік өңірінде өмір сүрген. Ал жерленген жері Арыс ауданының Байырқұм ауылына таяу жерде жатыр. «Мұңлық – Зарлық» дастанында 60 әйелі болса да бір перзентке зар болған Шаншар хан жөнінде жырланады. Күндердің күнінде хан Қаншайымдай аруға үйленеді. Тоғыз ай, он күн өткенде Қаншайым бір ұл, бір қыз табады. Алайда күндестері мыстан кемпірдің көмегімен есі кіресілі-шығасылы болып жатқан келіншектің екі перзентін алып, орнына білдірмей екі күшік салып қояды. Ал «Мен өмір бойы өз үйімнен іңгәлаған бала үнін естімеген едім. Сондықтан баланың дауысын естісем жүрегім жарылып кетуі мүмкін», – деп нөкерлерімен тауға кетіп қалған хан мұның бірде-бірінен хабарсыз қалған. Мол ақшаны алған мыстан кемпір қанша жерден көзі қимаса да екі баланы суға тастап жібереді. Алайда Ғайып Ерен Қырық Шілтен екеуін де суға түсірместен қағып алады. Сосын Шөгірлі тауында екеуін бір киік асырап алады. Арада ұзақ жылдар өткенде Шаншар хан әйелімен және ұл-қызымен табысады. Ықылым заманнан бері ауыз әдебиетінде айтылған жырдың желісі осыған саяды. Жүсіпбек Шайхысламұлы жырлаған дастан бір қарағанда аңыз-ертегілерге ұқсастау. Дегенмен ондағы кейіпкерлердің өмір сүргеніне шүбә жоқ. Өйткені Арыс ауданының аумағында Мұңлық пен Зарлықтың, сондай-ақ екеуінің анасы Қаншайымның моласы жатыр. Сырдария өзенінің ортасында Қаbahytншайым аралы бар. Ал Шөгірлі тауы Сарыағаш ауданының Әлімтау елді мекеніне жақын жерде. Арыс қаласынан Шардара бағытына қарай жолға шыққан жолаушы Сырдария өзенінен өткен соң көп ұзамай жолдың сол жағында салынған Мұңлықтың кесенесін көреді. Сырт көрінісі жұпынылау көрінетін кесенеге әр-әр жерден жұрт келіп тәу етіп жатады. Ал Байырқұм ауылынан бірнеше шақырымдай жерде Зарлық пен оның анасы Қаншайымның моласы жатыр. Кесененің шырақшысы Қалдыбек Күлембаевтың айтуына қарағанда, өткен ғасырда Зарлықтың басына күйген кірпіштен кесене тұрғызылған. Алайда жұмыс соңына дейін созылмай, аяқсыз қалғанға ұқсайды. «Кесенені салуға Шардара ауданының Сүткент ауылында тұрған Асылхан Достайұлы деген кісі ұйытқы болған екен, – дейді Қалдыбек Күлембаев. – Мұңлық пен анасы бір-біріне жақын жерленген. Кесене қолға алынғанда екі бейіттің сыртынан іргетасы құйылып, кірпішпен өрілген. Алайда Асылхан Достайұлы өмірден өткен соң ол бітпей қалған». Шынында бұл ғимарат кесене делінгенімен, оның төбесі де жабылмаған. Төбеде тек жуан темірге орнатылған күмбез ғана тұр. Жан-жағы ашық. Ал Мұңлық пен Қаншайымның бейітіне таяу жерде құлпытас орнатылған. Бірақ бейіттердің жан-жағын ақ шеңгел басып кетіпті. Кесененің сырт жағы да қараусыз қалғандай әсер қалдырады. Қазір бұл жер үлкен қорымға айналған. Маңайдағы бес елді мекеннен бақиға аттанғандар осында жерленеді екен. Қысқасы, айтулы жыр кейіпкерлерінің қабірлері әлі күнге дейін қараусыз жатыр. Оның ешкімге де керек болмағаны ма?
...