1.Дубайға жомарт әлем Қара құрлыққа келгенде неге сараң?
Қалай ойлайсыз, мұнайынан әбден байып, тіпті байлықтан адам айтқысыз дәрежеге жеткен адамдарды бұл сұрақ ойландыра ма?
2.Африкада туризмді дамытуға мүмкіндік жоқ па?
Африкада туризм бар, дамытуға мүмкіншілік те бар. Африканың табиғатына қызығып, гид алып, көлікпен серуендеп жүретін, фотоаппаратын тастамайтын туристтерді көру - оларға таңсық нәрсе емес.
3.Инвестиция салуға басқа елдер неге құлықсыздық танытады?
Бүкіл әлемде дағдарыс болып жатқанда кім өзгенің жағдайын ойлап, жанашырлық танытады? Африка секілді құлазыған қу иенге инвестиция салудан басқа ақшаны құртудың басқа жолдары көп қой.
4.Аш қалмасын десе "Балық апарып бермей, балық аулауды" неге үйретпейді?
Заман түлкі бұлаңға салып тұрған шақта адам адамның жағдайын ойламайды. Әлем елдерінің арасында да сол жағдай. "Балық апарып берді" деген аты ғана болар, әйтпесе қаншама қаражаяуларға ол не болсын, жетем дегенше жоқ болатын шығар.
5.Ішкі шиеленісті шешіп тастағыш АҚШ неге Африкада күнде болып жатқан Азаматтық соғысқа тіпті көз қырын да салмайды?
Көз қырын салмады деуің бекер болар, АҚШ ешқашан өзіне пайда тимейтін жерге басын сұқпайды. Оның тарихын алып қарасаң да осы. Африкаға эболаны тастауы да пайдакүнемдіктен. Африкадағы пайдасыз соғысқа қатысып, адамнан шығын келтіргенше үндемей ядролық бомбаларды сынай бергені жөн емес пе?