0 дауыс
1.1k көрілді
Жанұяда бірін -бірі жақсы білетін адамдар арасында білсеңіздер ұрыс-керіс жиі болып тұрады, осы неліктен?

5 жауап

+2 дауыс
Мен сіздің пікіріңізге келісе қоймаймын және өз ойымды қалдырып кетсен деген оймен жазып отырмын. Менің ойымша бір - бірін жақсы білетін адамдар арасында ұрыс керіс аз болуы керек. Бір - бірін жақсы білетін адамдар керек десеңіз ыммен және қас қабақтың қиығымен - ақ түсініп отыруы тиіс. Егер екі адамның да ойлау қабілеті және ойлау жүйесі біріне бірі ұқсас болса олар сөзсіз түсінісіп кетеді. Ұрыс керіс дегеніміз бір - бірін түсініспегеннен деп ойлаймын. Ұрыс деген негізі жақсы емес қой. Негізінде барлық ұрыста сабырлылық пен ақылға бойсұнған абзал. Сонда шешім өздігінен табылады. Екі адам бір - бірін түсінгісі келмей бірінің сөзін бірі тыңдамаса міне осы кезде нағыз ұрыс та айқай да барлығы да болады. Ашу тұрған жерде сыйластықтың да, құрметтің де кетері сөзсіз. Ойланбай сөйлеп опық жеп қалып жататын да жайттар жиі кездеседі. Біріне сөзіне бірі зейін қойып тыңдаса шешілмейтін жағдай болмасы анық. Бақ қайда барамын десе береке мен бірлікке барамын деген екен. Жақсылық жолында кешірімді болу ол өнегеліктің белгісі. Көпті көрген қыз бала ер адамның алдынан шықпайды, алқымынан алмайды. Шешімді табушы да ұйымдастырушы да ол қыз баласы Жақсы әйел жаман еркекті адам ете алады. Ал жақсы еркек жаман әйелді ешқашанда да түзете алмайды. Орыс халқында мынандай сөз бар "Горбатого могила исправит" деген. Яғни өнегелі болу тек өзіңізден.  Сәттілік жеке өміріңізде.
Сенің айтқаныңның  бәрі кинодағыдай екен,өмірде бәрі басқаша.Жанұя тек қана ері мен әйелінен тұрмайды. Ол жан ұяның ішкі және сыртқы мүшелері болады және сол жанұяның мәселелеріне (проблемаларына) солардың бәрінің де тікелей,болмаса жанама араласу құқығы бар.Олар,ішкі мүшелер ата-ана,ұл-қыздары және сыртқы мүшелері әкенің ата-анасы мен туған -туыстары,шешенің ата -анасы мен олардың туған туыстары.Бұл енді үлкен бір қауымға айналып кетеді,олардың бәрінің ой - пікірлері бір жерден шыға беруі үлкен кездейсоқтық болар еді.Міне осы жерде өгізді де өлтірмей,арбаны да сындырмай алып шығу салмағы отбасына,яғни әкенің ақылына,айбатына,шындап айтсам жынына да байланысты.Егер әке жалтақ,ынжық,ездеу болса онда бәоі би болады,бітті деген сол.Өкінішке орай бізде кәзір көбіміз сондай әкелерміз.Себебі казіргі әкелердің көбісі әкесіз,ана тәрбиесін ғана көріп өскен,мектептегі өңшең әйел мұғалімдер  тәлімін ғана алған бөзөкпелер.Бұл ащы,бірақ ащы да болса шындық.Бұл менің еш жерден көшірмеген өз өмір тәжірбиемнен жинақтаған тұжырымым,сондықтан жерден алып.жерге салып талқылай берулеріңе болады.
+3 дауыс
*Рас, "отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды" Әр отбасында әрқалай, негізі әйелге байланысты. Әйел ерін пір тұтып тұрса, сәл айқай шыға қалғанда үндемеуге тырысса ұрыс-керіс түгіл "үп" еткен жел де тұрмайды.*
–2 дауыс
Себебі жан ұядағы адамдардың бір-біріне жаны ашығыш келеді,титтей де бір нәрсе бола қалса жандары шығып өйтпе-бүйтпе деп жатамыз.Сол кейде эмоцияға байланысты шектен шығып кетуі мүмкін.Егер жаның ауырмайтын жандар болса "ей,қойшы"-деп отыра бересің.Әрі жанұядағы адамдарға сол шаңырақ астындағы барлық жақсылық-жамандық бірдей әсер етеді,бірақ мінез ерекшелігіне байланысты әркім әртүрлі қабылдайды.Міне осыдан да келіспеушіліктер(жаулық емес әрине) туып қалады.Бұл қалыпты жағдайлар.
Жақсы жауап
0 дауыс
Жанұяда бірін бірі жақсы білетін адамдар арасында ұрыс керіс жиі емес мүлдем болмауы тиіс өйткені олар бір бірін жақсы түсінеді. Отағасы әйелін еркелетіп, әйелі ерін сыйлап бағаласа тамаша жанұя болады.
Жанұя - деген тек қана ері мен әйелден тұрмайтынын жоғарыда Досханға арнаған пікірімде айтып кеттім емес пе?]:):D
0 дауыс
Бір -бірін сыйламағандықтан ұрыс-керіс болады,сыйлау керек тек сол ғана!
...