Сенің айтқаныңның бәрі кинодағыдай екен,өмірде бәрі басқаша.Жанұя тек қана ері мен әйелінен тұрмайды. Ол жан ұяның ішкі және сыртқы мүшелері болады және сол жанұяның мәселелеріне (проблемаларына) солардың бәрінің де тікелей,болмаса жанама араласу құқығы бар.Олар,ішкі мүшелер ата-ана,ұл-қыздары және сыртқы мүшелері әкенің ата-анасы мен туған -туыстары,шешенің ата -анасы мен олардың туған туыстары.Бұл енді үлкен бір қауымға айналып кетеді,олардың бәрінің ой - пікірлері бір жерден шыға беруі үлкен кездейсоқтық болар еді.Міне осы жерде өгізді де өлтірмей,арбаны да сындырмай алып шығу салмағы отбасына,яғни әкенің ақылына,айбатына,шындап айтсам жынына да байланысты.Егер әке жалтақ,ынжық,ездеу болса онда бәоі би болады,бітті деген сол.Өкінішке орай бізде кәзір көбіміз сондай әкелерміз.Себебі казіргі әкелердің көбісі әкесіз,ана тәрбиесін ғана көріп өскен,мектептегі өңшең әйел мұғалімдер тәлімін ғана алған бөзөкпелер.Бұл ащы,бірақ ащы да болса шындық.Бұл менің еш жерден көшірмеген өз өмір тәжірбиемнен жинақтаған тұжырымым,сондықтан жерден алып.жерге салып талқылай берулеріңе болады.