+2 дауыс
1.4k көрілді
Сіздің жауап бергіңіз келетін, бірақ әлі ешкім қоймаған көкейде жүрген сұрағыңыз бар ма? Ол қандай сұрақ? Не деп жауап бергіңіз келіп еді?
Ал, өзіңіз қандай сұраққа жауап бергіңіз келеді? Бірінші өзіңіз жауап берсеңіз  )))))
Жауаптарым тым көп... Күніне ойыма ондаған жауап келеді бірақ ешкім сұрамайды((

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұрағымды қойған едім,өзім жауап бергім келген,бір адамның жауабы көңілімнен шықты,ал  алғандары бірдей ойлайды,төмен дауыс бере беріпті,қателерін көрмей,бірақ маған бәрібір,мүмкін бұған да қоятын шығар.Негізі қойса қоя берсін.Мен бұл сайттан сұрағымды қойып жауаптарын алдым,жалпы пайдасы бар сайт))
Басында бұл жауабыңызды дұрыс түсінбеп едім, артынан тағы түсінбедім.
Ааа,түсіндіріп жіберейін бе?!
Иә жақсы болар еді.
0 дауыс

Өзімнің қойғым келетін сұрағым: Ұлы Отан соғысында соғысушы жақтарды күші жағынан салыстырғанда айырмашылық қандай болды?

Менің күтетін жауабым: Орыстардың даярлығының нашарлығы сондай оларда метал тапшылығы байқалып, танктер мен ұшақтарды ағаштан жасады. Үш зеңбіректі, бұрылмайтын және механизм емес, ішіндегі 3 адамның аяғы арқылы қозғалатын ағаш танктер мен фанер "Кукурузниктер", төрт адамға ортақ 1916-1918 жылдардан қалған Мосин винтовкасы - міне, бұлар фашисттердің 9,5 млн әскерінің КСРО тарапынан шыққан 27 млн әскерді жайпауына себеп болды (әр фашистке 3 адамнан). Бомбалау кезінде қолмен граната мен "Молотов" лақтырған самолеттерге немістердің Мессершмиттері мен Юнкерстері қарсы шықты.

Бұл соғыста Гитлердің жеңіске сенімді болатынындай бар еді. СебептерІ:

  • Соғысты бастаушы өзі, жоспары мен уақытын өзіне тиімді етіп алуына жағдайдың болуы;
  • Мықты дайындалған әскер мен техникалық басымдылық;
  • Жау жеріндегі тыңшылар мен "құлақтар", сатқындар көмегі.

КСРО-ның соғысқа дайындықсыз кірісуінің себептері (Риббентроп-Молотов пактісінің бір күні бұзыларын олар біле тұра):

  • Тыңшылардың жалған дәйектемелері (олардың хат-хабарларынан Германияның қысқа, ұзақ уақытқа жорыққа киім, консерві, жанар-жағар май, суыққа төзімді техника дайындамағанын білді, бірақ Гитлердің оларды қысқа дейін жаулап алу жайлы ойын білмеді);
  • 1937 жылғы репрессия салдарынан әскер қатарында тәжіребелі басшылар қатарының сиреуі;
  • Жау дайындығын жеткіліксіз бағалау мен қамсыздық.

КСРО-ның жеңу себебі:

  • Өте мықты идеология, ұлттар тұтастығы мен Отанның артқан сенімін жүктеу;
  • Саяси қызметкерлердің, майдандағы "политруктардың" жемісті жұмысы;
  • Халықтың беткеұстарларын алға тарта білу (Левитан, Панфилов, маршалдар мен командармдар);
  • Қарсы тараптың кейбір осал тұстары;
  • Көршілес, мақсаттар елдердің көмегі (жеңістің кім жағында болатыны айқындала бастағанда КСРО жағына өткен елдер);
  • ЕҢ БАСТЫСЫ: резервтер ("неприкосновенные запасы", соғысты болжаған Сталиннің қыстық киім мен азық сақтаған қоймалары)

Гитлердің қателіктері:

  • Жеңіс жақындағанда Оңтүстік Армиялар тобын басқа бағытқа айдауы;
  • Сібір қысын болжамауы, негізсіз сенім;
  • Өзі жаулаған елдердің шығарған әскерлері мен "Власовшылар" секілділердің күшіне сенім артуы;
  • Қате идеология, жауынгерлерге сіңірген большевиктер жайлы қате пікірлер.
+1 дауыс
"Сақал", "әже" деген сияқты сұрақтарға. Бірақ, ешкім қоймай жүр.
...