0 дауыс
866 көрілді
Саламатсыздарма. Мемлекет банктерден проблемалық кредиттерді сатып алмақ туралы сұрайыншы деген едім. Бізде үйіміздің кредитін төлей алмай жатырмыз. 2 жыл төленді əлі 8 жылдайы бар. Соны аз мөлшердегі суммамен графикке шығарып бере ала ма? 15 айдай төлей алмай келеміз. Ай сайынғы сумма 96 мыңдай. Соны 30-50 мыңдай қылу мүмкіндіктер бар ма? Ол үшін қай жерге бару керек. Қандай құжат жинау керек? Білсеңіздер жазыңыздаршы өтініш. Алдын ала рахмет

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлеметсіз бе!

Сізге несиені берген банкке баруға кеңес береміз.

15 ай бойы төлей алмауға не себеп? Несие алушының жұмыссыз қалуы, денсаулығының жарамсыздығы т.б. Егер осы себептер болса, дәлелдейтін құжаттармен (Жұмыссыздық туралы анықтама, денсаулығының жарамсыздығы туралы анықтама т.б) банкке барып, олар ұсынған үлгіде арыз жазуыңыз керек болады.

Бұл мәселені тек несие берген банк қана шеше алады.
...