0 дауыс
9.1k көрілді
1-билет
1. Формулалары мынадай: ZnCl2; СаSО4; Ғе(NОз)2 тұздардың молекулалық массасын есептеп және әрбір элементтің массалық үлесін есепте.

2-билет
1. Құрамында 32 мыс бар CuSO4 * 5 H2O мыс купоросының массасын есептеңіз.

3-билет
1. Құрамында 9,8 г фосфор қышқылы және 12 г кальций гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзілетін тұнбаның массасын есептеңіз.

4-билет
1. Натрий нитратының 450 г 20%-ті ерітіндісіндегі судың массасын есептеңіз.

5-билет
1. Мына өзгерісті қалай жүзеге асыруға болады, мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
CuO → CuCl2 → Cu(OH)2 → CuSO4 → Cu3(PO4)3

6-билет
1. Мына өзгерісті қалай жүзеге асыруға болады, мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
C → CO2 → H2CO3 → CaCO3 → CO2

7-билет
1. Калий хлоридінің 400 г 10 % -ті және 100 г 15 % -ті ерітінділерін қосқанда алынған ерітіндідегі KCl массалық үлесін есептеңіз.

8-билет
1. 168 г калий гидроксиді 63 г азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массалық үлесін есептеңіз.

9-билет
1. 40 г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 16 г темір ұнтағын қосқанда бөлінген мыстың массасын есептеңіз.

10-билет
1 моль көміртек (ІІ) оксидінің массасы және көлемі (қ.ж.) неге тең болады, есептеңіз.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Есептердің шығару жолдарын көрсетіп өтейін.  Тел мен жазу  қиындық туғызып жатыр. 1) Салыстырмалы мол массасын есептеп , массалық үлесін табу.  Ол былай шығарылады:  Мr (CaSO4)=40+32·4·16=136.  Енді  кальций сульфатындағы әрбір элементтің массалық үлесін табу керек. W(Ca)= Ar (Ca) осының астын сызып мынаны жазамыз Mr (CaSO4)  сосын 100% ке көбейтеміз = 40÷136·100%= 29.4. Дәл осылай жазып күкірт пен оттегінің массалық үлесін табасың.  W (S)=Ar (S)÷ Mr(CaSO4)·100%= 32÷136·100=23.5. Ал оттегінің W (O)= 4·16:136·100=47.  Кальций сулфатындаға эл массалық үлесі кальций 29,4%. күкірт 23,5%.Оттегі 47.0% . 1 есептің екіншісі бұл. Түсінбесеңіз сұраңыз.
Fe (NO3) 2 тұзының масс және массалық үлесін былай табасыз:
Mr (Fe (NO3) 2= 56+2 ·14 +6 ·16= 180.  Енді темір нитратындағы әрбір элемент массалық үлесін табу керек болады.   
W (Fe) = салыстырмалы массасы 56 ÷180·100% = *. W(N) =2·14÷180·100%=*.  W(O) = 3·16÷180·100%= *. Жұлдызшаға есептеп шыққан сандарды жазыңыз.  Қасына осы элементтердің массалық үлесі осынша процент деп жазып көрсетесіз.   ZnCE2 ні дәл осылай есептеп шығару қиындық келтірмес деген ойдамын.   
10) есепті шығара алмау ұят енді.  m (CO)=1 моль ·28г/моль=28г. Қалыпты жағдайда 22.4. Мына формула бойынша есептей аласыз. V= V/v.
9)
m (Fe)=16г
m (CuSO4)=40г
т/к m (CuSO4)=?
Реакция теңдеуін жазып аламыз.
Fe + CuSO4 -> FeSO4+ Cu
Темір мен мыс сульфатының мольдік массасын табамыз. М (Fe)= 56г /моль. М (CuSO4) = 159.5г/моль .  Сосын 16 г темір мен неше гр мыс сулфат әрекеттесетінін есептеп аламыз.
56г - 159.5г
16г - х
Шыққан санды 40 г алып тастаймыз.   Бөлінетін мыс массасы шығады.
...