+2 дауыс
21.8k көрілді

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бастаңғы (салт). ... Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады.Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
+5 дауыс
Бір үйдің үлкендері бірнеше күнге бір жаққа кеткенде, сол үйдің жасы бір қой сойып, жастарды жинап алып өткізетін көңілді кеш.
+1 дауыс
Жоғарыда бұл салт жөнінде жақсы жазылған, қосымша қоса кетейін. Бұл жоралғы әр жерде түрліше болған, қазіргі кезде ұмытылып бара жатыр.  Негізі, бас таңды қарсы алудан туындаған жоралғы болуы керек. Ал, жыл бойындағы басқы таң, сол жылдың басында болатыны айтпаса да түсінікті, ендеше бұл «Қыдыр атаны қарсы алу» секілді мифтік желеуге негізделген Наурыз таңын қарсы алуға арналған жастардың ежелгі отырыстарының бірі болуы мүмкін.
+2 дауыс
Қазіргі тілмен айтқанда "вечер" ғой....................................
+1 дауыс
Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.
“Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған.
...