+2 дауыс
4.5k көрілді
Түс жорып бере аласыздар ма?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
*"Түс-түлкінің тезегі" деген сөз бар, жоқ мақал дегенім)) Түске сену керек, бірақ оны үлкен, көреген адамдарға жорғызған жөн. Біреу ойнап жаман жағына жорып қойса, айтқаны айдан анық келуі мүмкін, біреудің сандырағы келеді деген. Түсті тек жақсы жағына жорыған жөн, жамандықты ойламаған жөн. Осыған орай бір мысал келтіре кетейін:
Ертеректе бір жақсы түс жорушы болса керек, содан оған бір әйел түсін жорғызу үшін пәленбай жерден ат шалдырып келіпті. Ол келгенде түс жорушы үйінде болмай шығады. Үйіндегі бойжетіп отырған қызы әкесінің аңға кеткенін, біразда келіп калатынын айтады да, түсін айтып беруін өтінеді. Әлгі келіншек түсін айтады, түсінде екі қасқыр екі төсін жанталасып жеп жатып содан шошып оянғанын айтады. Содан әлгі қыз түсін жорып, сенің өлімің қасқырдан болады екен, дейді. мұны естіп әлгі әйел қыз әкесін күтпей жолға шығып кетеді. Ол кеткен соң көп өтпей әкесі келіпе, мән жайды қызынан ести сала әлгі әйелдің соңынан кетеді. Ол үйге түнере оралады, ол келгенде үйде болмағанына өкінеді, себебі жолда ана әйелді шынымен екі қасқырдың екі төсін талап тастаған екен. Қызына ақыл айта отырып, ешқашан түсті жамандыққа жорымау керектігін түсіндіре отырып, ана әйелдің түсін жорып береді: Ол әйел екіқабат болған екен, түсіндегі екі қасқыр ішіндегісінің егіз, е,кеуі де ұл екендігін білдірген. Қасқыр кейпінде көрінгені, қасқырдай айбатты, еліне көп көмегі тиетін, атағы елге жайылған ел азаматтары болатын екен.....*

*Міне, түсіңізді кім көрінгенге айта бермей, мән бере қараңыз. Қанша айтқанымен, бұл өмірде біз білмейтін көптеген тылсым дүниелер бар екені рас....*
+1 дауыс
Ештеңені де білдірмейді........................................
+3 дауыс
ғалымдар былай деп болжам жасайды түс жайында:

түс дегенің күндізгі көрген білген, ойлаған ақпаратыңды қорыту

түс дегенің ұмытылып бара жатқан естеліктерің

түс деген мидық сені сол оқиға өңіңде болған жағдайда морально психический дайын тұруың үнін жасап жатқан моделированиесі (мысалы түсіңде жұмыстан шығарып жіберсе, сен сол түсіңде кәдімгідей абыржып, қобалжип быт шыт боласың ұйқыдан тұрғасын түс екенін біліп басыласың, енді осы түстен кейін шынымен күндердің бір күнінде жұмыстан шығарып жіберсе сен ондай оқиғаға уже дайын тұрасың (өте қызық екен))

түс ойланып жүрген мәселелеріңнің образы

түс тәтті
түс қорқынышты
түс түлкінің бірдеңесі (соңғы үшеуі өз пікірім)


бұдан әрі қарай менің тақырыптан ауытқып кеткен өз ойым, оқымасаң дар да болады
түстерге мүлдем сенбеймін. бірақ арасында суперстрашный түстер көріп өянып алып ұйқтағым келмей отыратын кездер болады. (әсіресе 5 күн қатарынан бірау қылғындырып деп ала алмай жатқан жерімнен ойанып кеткенде, немесе 3 күн қатарынан суға батып бара жатқан жерімнен ойанып кетіп ұйықтамай отырған кезімде болған әрине ол шаршағандықтан болуы керек шамасы)

айтпақшы бүгінгі түсімде Көркем деген осы сайттың қолданушы сайтқа флуд жасап муср қылып тастапты, мен оларды тазалуға үлгере алмай жанталасып жатқан жерімненшошып ойанып кеттім де түнгі 4 те сайтқа кіріп бәрі орнында екеніне көз жеткесін барып арең ұйықтадым хехе келе жаткан жаңа жылдарыңмен
Таныстығымыз осылай басталып еді.....))
қой оның алдында да қаншама рет пікірдік қо )))
иә, ол кезде жәй шайқасып жүр ек. Адам құсап араласа бастағанымыз осы еді)))
https://surak.baribar.kz/49278/ мына жерде де нәрмәльні сөйлеген сияқты едің, ол кезде ше шайқасу режимінде сөйлескеніңді білмеппін
масқара бұл емес басқа сілтеме кетіп қалды
https://surak.baribar.kz/57086/ мынау
иә, иә)))
0 дауыс
Түс түлкнің боғы, яғни түске сенуге болмайды
...