*"Түс-түлкінің тезегі" деген сөз бар, жоқ мақал дегенім)) Түске сену керек, бірақ оны үлкен, көреген адамдарға жорғызған жөн. Біреу ойнап жаман жағына жорып қойса, айтқаны айдан анық келуі мүмкін, біреудің сандырағы келеді деген. Түсті тек жақсы жағына жорыған жөн, жамандықты ойламаған жөн. Осыған орай бір мысал келтіре кетейін:
Ертеректе бір жақсы түс жорушы болса керек, содан оған бір әйел түсін жорғызу үшін пәленбай жерден ат шалдырып келіпті. Ол келгенде түс жорушы үйінде болмай шығады. Үйіндегі бойжетіп отырған қызы әкесінің аңға кеткенін, біразда келіп калатынын айтады да, түсін айтып беруін өтінеді. Әлгі келіншек түсін айтады, түсінде екі қасқыр екі төсін жанталасып жеп жатып содан шошып оянғанын айтады. Содан әлгі қыз түсін жорып, сенің өлімің қасқырдан болады екен, дейді. мұны естіп әлгі әйел қыз әкесін күтпей жолға шығып кетеді. Ол кеткен соң көп өтпей әкесі келіпе, мән жайды қызынан ести сала әлгі әйелдің соңынан кетеді. Ол үйге түнере оралады, ол келгенде үйде болмағанына өкінеді, себебі жолда ана әйелді шынымен екі қасқырдың екі төсін талап тастаған екен. Қызына ақыл айта отырып, ешқашан түсті жамандыққа жорымау керектігін түсіндіре отырып, ана әйелдің түсін жорып береді: Ол әйел екіқабат болған екен, түсіндегі екі қасқыр ішіндегісінің егіз, е,кеуі де ұл екендігін білдірген. Қасқыр кейпінде көрінгені, қасқырдай айбатты, еліне көп көмегі тиетін, атағы елге жайылған ел азаматтары болатын екен.....*
*Міне, түсіңізді кім көрінгенге айта бермей, мән бере қараңыз. Қанша айтқанымен, бұл өмірде біз білмейтін көптеген тылсым дүниелер бар екені рас....*