Өмірде айналаға көзқарас, мінез - құлық сәйкессіздігі, таным - талғам үйлесімсіздігі сияқты себептермен адамға адамның ұнамауы әбден мүмкін. Бірақ адамды да, аң -құсты да, жалпы тіршілік атаулыны мұрын шүйіре, жиренішпен жек көруге болмайды. Себебі мына дүниеде олардың бәрінің өз орындары, өз атқаратын тірліктері, бірінің жоғын бірі толықтыратын міндеттері бар. Мысалы, бір адамдар араны шағатын жәндік деп жек көреді, ал сол аралар болмаса жер бетіндегі қаншама гүлдер, жеміс - жидектер тозаңданусыз жойылып кетуі мүмкін еді. Ал адам Аллатағаламның ең көркем туындысы, өздерің ойлап көріңдерші 18 мың ғаламның жаратушысы Аллатағаламның туындысын жек көруге, сен осыны дұрыс жаратпадың деп айтуға бола ма? Әрине болмайды, сондықтан пенделікпен ұнатпауға болса да жек көруге болмайды. Шамаларың келгенше адамдарды жақсы көруге, жалпы тіршілік иесін ұнатуға тырысқандарың абзал болар еді.