+2 дауыс
1.5k көрілді

Адамдар жанжалдасқан кезде бірте-бірте дауысы жоғарылап, тіпті айқайлап кетеді. Қарсыласы тап алдында тұрғанына қарамастан неге дауыс көтереді екен? Бұл туралы бір кітаптан оқып едім: "Ұрсысқанда адамдардың тәні жақын болса да жаны алыстап кеткендіктен бірін-бірі естімейді. Ал ғашықтарға сыбырласу да жеткілікті" дегенді. Бірақ бұл жай көркем әдебиеттен үзінді ғой. Ғылымда нақты мәліметтер бар ма екен осы туралы?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Психологиялық атака ғой, қатты сөйлеу арқылы қарсыласының мысын басу үшін, ол жануарлардан қалған инстинкт болса керек (мысалы қарсыласы кездескенде арыстандар ақырып, итттер ырылдасып алады ғой сол тәрізді)
+1 дауыс
Енді айғайлау мен ұрысу сөздері бір-біріне мағыналары жақын сөздер ғой. Қалайша дауысыңды қатты шығармай ұрысуға болады? Дауысыңды қатты шығармасаң, ол ұрысу деп аталмайды ғой.
+1 дауыс
Ұрсысқан кезде екі адам бір-бірін күтпей сөйлейді. Біріншісі сөйлеп жатқанда анауда сөйлеп атады. Ол өзінің сөзі естілсін деп қатты шығарады. Дауысы қатты шыққан сайын жеңу оңай болады.
...