Адамдар жанжалдасқан кезде бірте-бірте дауысы жоғарылап, тіпті айқайлап кетеді. Қарсыласы тап алдында тұрғанына қарамастан неге дауыс көтереді екен? Бұл туралы бір кітаптан оқып едім: "Ұрсысқанда адамдардың тәні жақын болса да жаны алыстап кеткендіктен бірін-бірі естімейді. Ал ғашықтарға сыбырласу да жеткілікті" дегенді. Бірақ бұл жай көркем әдебиеттен үзінді ғой. Ғылымда нақты мәліметтер бар ма екен осы туралы?