0 дауыс
Дөрекі сөздің сыпайы болып айтылуы.Мысалы мылжың деген сөзді сыпайы түрде сөзуар,өлді деген сөзді қайтыс болды я о дүниеге аттанды деп сыпайы қолданамыз.Сол сияқты тағы қандай сөздер бар?Мысалдар келтіріп жіберсеңіздер……
04.05.2015 13.3k қаралым

4 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ұрысып шаштарын жұлыпты дегенді қырық пышақ болыпты десең болады.

Ұрлықшы дегенді тікелей айтпай қолының сұғанағы бар деуге болады.
05.05.2015
Рахмет!)
0 дауыс
жалқау – ақ саусақ.

Мәселен, өтірік айтпа деудің орнына қоспай айтыңыз, жүкті, екіқабат әйел деудің орнына аяғы ауыр, мылжың деудің орнына сөзуарлау деу де сыпайылап айтудың бір түрі. Адам қайтыс болғанда өлді демей, бақиға аттанды, жүріп кетті, дүние салды деген сөздер қолданылады.
05.05.2015
Рахмет!)
0 дауыс
Кішкене аз екен,бірақ Құдайға шүкір
18.12.2019
0 дауыс
Пжжжж
Қара бәле аждаха және ойпырым-ай сөздерінің сыпайы түрлерін айтасыздар ма,өтініш
27.11.2020
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы