+2 дауыс
500 көрілді
Аль-Фараби, Ходжа Ахмеда Яссауи , Мухаммад Хайдар Дулат - қазақ дегенге қалай қарайсыз?

4 жауап

0 дауыс
Қазақ деген толықтай сенемін.
+4 дауыс
Бұл мәселеге олай қараудан, бұлай қараудан түк шықпайды. Ұлт қалыптасқаннан бұрын өмір сүрген тұлғалар болса да, еліміздің аумағында туып-өскен екен, демек біздің ата-бабамыз екені даусыз. Осыны тезірек зерттеп, ол кісілердің шыққан тегі жайлы нақты дәлелдер тауып, дәріптей берген жөн. Тағы біреулер алдымызды орап кетпей тұрғанда тездетіп "меншіктеп" алуымыз керек. Келер ұрпаққа мақтаныш болатындай рухани мұраны табыс етуіміз керек...
–2 дауыс
Қожа Ахмет Ясауи қазақ дегенге қосыла алмаймын. Ол тегі араб елінен. Мұхаммед пайғамбар өз сахабаларын әр елге ислам дінін тарату үшін аттандырғанда"Барған елдеріңде Діннің қожасы боласыңдар. Ислам дінін дәріптей отырып, сол елде Қожа деген ру-тайпа құрасыңдар. Ұрпақ өсіресіңдер. Бірақ ол елдің әдет-ғұрып, дәстүріне тіліне тиіспеңдер, Керісінше сол елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тілін өздерің бойларыңа сіңіріңдер" деген. Содан әрбір Ислам дінін қабылдаған елде қожалар пайда болған. Сол қожалардың бірі Қожа Ахмет Яссауи. Оның қазақтарға тегі жөнінен ешқандай қатысы жоқ. Мен осылай естігем.
Сонда қазір ортамызда жүрген қожалардың бәрін араб деп қабылдаймыз ба? Мәселе тегінде емес. Кім екенінде. Әйтеу біреу қазақ екен, анау қазақтікі екен десе, ат-тонымызды ала қашатынымыз не екен?! Өз қолымызда еркіндік жоқ кезде ұттырған ұпаймызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды қайта жаңғыртайық десе "біздікі емес" деп ұрандап әлек. Көкпардан, Қара жорғадан айырылдық... Шыңғысхан Орта Азия тайпаларынан шыққан десе азар да безер боламыз. Енді қалғаны ұрпағымыз мақтаныш тұтатын ұлы тұлғаларды араб пен өзбекке, түркімен, тәжікке үлестіріп беру еді!!!???
0 дауыс
Жүзге жатпайтын рулардың тарихына үңіліңкіреп қарасаңыз дұрыс болар еді. Қожалар, төрелер, төлеңгіттер, сунақтар т.б. рулар тегіннен тегін жүзге кірмей қалмаған болар. Сіз қанша жерден үлестірем немесе жинап аламын десеңіз де қолыңыздан түк те келмейді. Өйткені ол халықтың өзіндік шығу, қазақ ұлтының құрамына кіру тарихы бар.

Расында қожалардың арғы тегі арабтар екеніне шүбә келтірмей-ақ қойсаңыз да болады.

Өйткені Қожалар тек қазақтар арасында ғана емес, ислам дінін қабылдаған барлық халықтың арасында бар.
Қожаның арғы тегі арабтар екені ешқандайда жаңалық емес. Мен бәрін жүзге қосып алайық деп те отырған жоқпын. Тек өз ішімізден бөлшектеп, "қазақ емес", "қазақтікі емес" дегенді айта бергенді доғарсақ қайтеді дегенді айтып отырмын. Біздікі болмаса да, біздікі етейік. Одан ештеңеміз кетпейді ғой. Қожаны араб, Төрені моңғол дегеннен ұлтымызға келер пайда бар ма? Жер бетінде басқа тайпамен араласпаған ұлт бар ма? Тіліміз бір, діліміз бір, соншама ғасырлық тарихымыз бір халықты енді келіп сыртқа теппейік) Білесіз ғой қазір заман қандай, әлем қандай?! Қазір бөлінгенді бөрі жемейді, бөлінгендер бірін-бірі жейді. Оданда бірігейік, біртұтас ел болайық))!
...