Қожаның арғы тегі арабтар екені ешқандайда жаңалық емес. Мен бәрін жүзге қосып алайық деп те отырған жоқпын. Тек өз ішімізден бөлшектеп, "қазақ емес", "қазақтікі емес" дегенді айта бергенді доғарсақ қайтеді дегенді айтып отырмын. Біздікі болмаса да, біздікі етейік. Одан ештеңеміз кетпейді ғой. Қожаны араб, Төрені моңғол дегеннен ұлтымызға келер пайда бар ма? Жер бетінде басқа тайпамен араласпаған ұлт бар ма? Тіліміз бір, діліміз бір, соншама ғасырлық тарихымыз бір халықты енді келіп сыртқа теппейік) Білесіз ғой қазір заман қандай, әлем қандай?! Қазір бөлінгенді бөрі жемейді, бөлінгендер бірін-бірі жейді. Оданда бірігейік, біртұтас ел болайық))!