+3 дауыс
1.5k көрілді
Мен 2008 жылы үйлендім. 2010 жылы үлкен ұлым, 2012 жылы кіші ұлым туылды. 2013 жылы қараша айында айелимнин бастамасы бойыынша ажырастык. Ортамызда заңды неке болған жоқ. 2014 жылы қаңтар айында екінші әйеліме үйлендім. 2014 жылы 04 сәуірде бірінші әйелім үлкен ұлымды маған берді. бірақ ол кезде баланы алғаныма қуанып ешқандай құжат жасауды талап етпедім. Тек ауызша келісіммен шектелдік. Содан бері ұлкен ұлым үйдің қасындағы балабақшаға барады.

2014 жылы 11 қазанда екінші әйелім босанып ұлды болдым. Үлкен ұлым менің асырауымда болса да қазіргі уақытқа дейін жалақымның үштен бір (1/3) бөлігі мөлшерінде алимент төлеп келемін. Яғни менің қарауымда 2 бала, ал бірінші айелимнин карауында 1 бала. Осы жагдайды ескере отырып алимент молшерин азайтуга немесе одан толык босатылуыма бола ма?

Неке жане отбасы туралы кодекстин 139-бабынын 1 жане 2 тармагын окыдым. Бірақ бұл норма менің жағдайымда қалай қолданылады. Құқықтық жағын нақты түсіндіріп берсеңіздер

2 жауап

+1 дауыс
Егер екінші балаңызды алғаныңыз жөнінде толық құжаттары болмаса ешқандай жолы жоқ
0 дауыс
Не деген еркек болсын сен? Алименттi азайтуға болмайды, әлде балаңның аштан өлеңнің қалап тұрсын ба?
...